Егіс науқаны: нәтиже қандай? (талдау үшін)

Диқандар қауымы көктемгі дала жұмыстарын тәмамдап, берекелі өнім бұйыратынына үміт артып отыр. Биыл ауылшаруашылық дақылдардың егіс алқабы 19 млн га құраған.

Иллюстративное фото: из открытых источников
Иллюстративное фото: из открытых источников

Егістіктерді әртараптандыру саяса­ты аясында оның құрылымы жыл санап өзгеруде. Оған сәйкес дәнді дақылдар­дың алқабы азайтылса, мал азығының, көкөніс пен бақша өнімдерінің көлемі ұлғайтылады. Ресми деректерді тергіштеп көрелік. Дәнді дақылдар 14,5 млн га, май­лы дақылдар 2,7 млн га, көкөніс-бақ­ша дақылдары мен картоп 458,3 мың га, мал азығы дақылдары 1,2 млн га алқапқа егілген. Ал қант қызылшасы және мақта тәрізді техникалық дақылдар 144 мың га жайқалады деп күтілуде.

 – Ауыл шаруашылығы министрлігі Сол­түстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесе «Солтүстік соя» бағдарламасын әзірледі.

Бағдарлама ауыл шаруашылығы тау­арын өндірушілерге солтүстік өңірлер­ді сояны өндіруге көмек көрсетуді қам­тамасыз етуге бағытталған. Қаржылық, мемлекеттік қолдау шараларымен қам­тамасыз ету, білім тарату іс-шаралары және т.б. көзделген, – деп атап өтті ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орын­басары Айдарбек Сапаров.

Оның айтуынша, аталған бағдарлама аясында Солтүстік Қазақстан облысында 14 мың га соя себілген. Бұл бағытта ерте пісетін шетелдік тұқымның түрлері кәде­ге жаратылған. Оның арқасында келе­сі жылға қор жасақтауға жол ашылады. Осылайша сояның сапалы тұқымымен қамдану көзделіп отыр. Қағаздағы жоспарға сәйкес күзде жиналатын өнім­ді тұқым ретінде 150 мың га алқапта пай­далануға болады.

Атқамінерлердің «Солтүстік соя» бағ­дарламасына артқан үміті көп. Алдағы 5 жылда сояның алқабын 1,5 млн гек­тарға дейін жеткізу діттелген. Ал шығым­дылығын гектарына 30 центнерге дейін арттыру міндеті белгіленген. Егер сояның көлемі ұлғайса, онда қайта өңдеу кәсіпо­рындарының жүктемесі артады деп күті­луде.

Топырақтың құнарлығын сақтау аса маңызды. Құзырлы министрліктің дере­гіне сүйенсек, диқандар қауымы тыңай­тқышпен қамтамасыз етілген. Оның көле­мі жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2018 жылы 463 мың тонна тыңайтқыш кәдеге жаратылған. Оның 71% отандық, қалған бөлігі шетелдік. Енді биыл 471 мың тон­на көлемінде тыңайтқыш кәдеге жарату жоспарланып отыр. Атқамінерлер 2016 жылы алқаптарда қолданылған тыңай­тқыш қажеттіліктің 10% құрағанын алға тартады. Ал биыл бұл көрсеткіш 8 пайызға көбеймек.

Биыл егіс науқанына 147 мың трак­тор, өнімділігі жоғары 4 мың егіс кешені, 79,5 мың тұқым сепкіш, 249 мың топырақ өңдейтін құрал-жабдық жұмылдырылды. Өткен жылмен салыстырғанда ауыл шару­ашылығы техникасы паркі 4 мың трак­торға және 300 себу кешеніне ұлғайған. Атқамінерлердің сөзінше, оған инвести­циялық демеуқаржыландыру және тех­ника лизингі бойынша өтемақы мөлше­рлемесін демеуқаржыландыру тәрізді мемлекеттік қолдау шаралары өзінің оң ықпалын тигізген.

Биылғы жылы көктемгі дала жұмыстары­на 60 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінген. «Аграрлық несие корпо­рациясы » АҚ диқандар қауымының өті­німдерін қарастырып, 2000 жуық тауар өндіруші жеңілдетілген шарттар бойын­ша қаржыландырған.

Венера Мұстафина

Мақала «АгроИнфо» газетінің 24.06.2019 ж. №11 (205) жарияланды.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы