Болашақта орман ағаштарының түрлері жарамсыз болып қалуы мүмкін

Болашақта қазіргі орман ағаштарының сұрыптары жарамсыз болып қалуы әбден мүмкін. Себебі ғаламдық жылыну үдерісі табиғатқа да әсер етпей қоймайды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Фото: ©fht / pixabay.com
Фото: ©fht / pixabay.com

Сондықтан орман шаруашылығына бейімдеу менеджментін қолдану қажет. Яғни ғылымға көптеп сүйену керек. Бұл туралы Бурабайда өткен «Орманның генетикалық қорларын сақтау» атты алтыншы Халықаралық ғылыми конференцияда айтылды. Оған қазақстандық ғалымдармен қоса Германия, Ресей, Белорусия елдерінің білікті мамандары қатысты. ДамИр Берікұлы әңгімелейді.

Бұл, Бурабайдағы Қазақ орман шаруашылығы агро-орман-мелиорациясы ғылыми-зерттеу институтының жарты ғасырдан астам тарихы бар дендрологиялық саябағы. Үш бөліктен тұратын аумақ 30 гектардан астам жерді алып жатыр. Мұнда алып еменнен бастап, аласа бойлы жеміс ағаштарына дейін бар. Ал, олар, бірінен бірі өткен әдемі.

Дамир Берікұлы, тілші:

– Мұндағы әсем табиғатты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ал мұнда ағаштың 800-ден астам түрі бар. Олардың біразы әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген. Мәселен, мына қарақат, отаны Қытай мен Жапония болса да, қазір Бурабайдың табиғатына сіңісіп, бейімделіп алған.

Бұл әрине ғалымдардың еңбегі. Жалпы орман шаруашылығы институтында 70-ке жуық адам еңбек етеді. Олар осы уақытқа дейін 200 мыңнан астам шетелдік ағаш түрін сынақтан өткізіп көрген. Алайда солардың тек 0,1 проценті ғана еліміздің солтүстік өңірлеріне бейімделе алған.

Яна Крикова, Қазақ орман шаруашылығы ҒЗИ бөлім жетекшісі:

– Бүгінгі таңда өздерін жақсы көрсете білген 200-ден астам ағаш түрін біз қалаларды көгалдандыруға пайдалануға болады деп кеңес береміз. Мәселен, қазір елордамыз бен Көкшетауда тұқымы Солтүстік Америкадан, Сібір мен Еуропадан әкелінген түрлі әдемі ағаштарды көруге болады. Олар аталған шаһарларға керемет сән беріп тұр.

Мұнда тіпті, Қызыл кітапқа енген әлемде сирек кездесетін ағаштар да бар. Бірақ, ағаштың қай түрін болса да өсіріп-баптау оңай емес, – дейді, мамандар. Әсіресе, шырша мен қарағай секілділері өте баяу өседі. Ал, осы салада 40 жылдық тәжірибесі бар ғалым Надежда Чебатьконың міндеті, өсімі төз, ауру мен шөлге төзімді сұрыптарды шығару.

Ғалымның өз қолымен өсірген қарағай көшетінің бойы 5 жылдың ішінде небәрі 25-30 см ғана жеткен. Ал өсіп-жетілуіне осыншама уақыт кеткен өскіндердің көбі қаланы көгалдандыру кезінде өліп қалып жатады. Бұл, ғылымға бей-жәй қараудың нәтижесі дейді мамандар. Надежданың айтуынша, елімізде «Жасыл аймақ», «Жасыл жер» секілді республикалық мемлекеттік мекемелер ғана көшетті отырғызу барысында ғалымдармен ақылдасады екен. Оған елорданың айналасындағы орман дәлел. Ал қалғандары өз беттерінше отырғыза береді.

Надежда Чебатько, Қазақ орман шаруашылығы ҒЗИ ғылыми қызметкері:

– Қарағайды тек оның өсе алатын жерлеріне ғана отырғызу керек. Климаты келіп тұрғанмен, топырақтың құрамы, ондағы ылғалдылық мөлшері ағаштың сұрпына сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан, ол жердің топырағын зерттеу қажет. Алайда, мұндай жұмыстарды көбі жүргізе қоймайды.

Ғалымдардың конференция барысында талқылаған мәселелерінің бірі әрі бірегейі – тұқым базасын дамыту. Яғни ғаламдық жылынуға қарсы тұра алатын ағаш сұрыптарды өсіру. Сонда ғана ормандардың ғұмыры ұзақ болмақ.

Константин Крутовский, Геттинген университетінің профессоры /Германия/:

– Қазір климаттың тез өзгеріп жатқаны соншалық, шамамен 10-20 жылдан кейін мүлдем басқа ағаштарды игеруіміз ғажап емес. Сондықтан оған әлден дайындалу қажет. Ал қолда бар қарағайымыздан айрылып қалғымыз келмесе, табиғаттағы өзгерістердің алдын алып, орманды қалпына келтіру жұмыстарында құрғақшылыққа төзімді ағаштардың тұқымынан алып өсіруіміз керек. Бұл, ТМД елдеріне ортақ мәселе.

Қазақстандағы орман ағаштарының тұқым қорын жетілдіру үшін отандық ғалымдар алдағы уақытта Оңтүстік Кореяға барып, осы тақырыпта тәжірибе жинамақ ниетте. Жалпы еліміздің бүгінде 4 жарым процентін орманды алқаптар алып жатыр. Ал бұл өте аз. Сондықтан ғалымдардың мақсат-міндеті, жасыл желекті одан әрі көбейтіп, оларды қорғау.

 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы