Жақсыдағы астық қоймасына 9 млрд теңгеге жуық жеке қаражат құйылған

Өңірлерде орақ науқаны қызған шақ.

Фото: pexels.com
Фото: pexels.com

Диқандар ала жаздай баптаған астықтың басым бөлігі бастырылып, қамбалар сары алтынға толды. Президент науқанның алдын ала есебін Ақордада отырып күтпей, шаруаларды еңбегінен үзбей бүгін егістікке өзі барды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Диқандармен емен-жарқын әңгімелесіп, саланың жай-күйін басшылардан емес қарапайым жұмыскерлерден сұрап білді.

Тап-тұйнақтай көшесі, тастай шаруашылығы – Жақсының Президенттің келуіне дайындығы емес, қалыпты тұрмысы. Президент барған ат шаптырым алқап та толық цифрландырылып, тәртіпке келтірілген. 17 мың гектарға егілген бидай мен арпаның сапасы да, өнімі де жоғары.

Жұмыстың өнімділігі жұмыскердің тоқ көңіліне байлаулы. Сондықтан Президент саланың түйінін басшылардан емес, еңбек адамдарынан сұрады.

Жақсы екенінің дәлелі – «Айбат» қожалығында 95 адам нәпақа тауып жүр. Кәсіпорын егінге ғана қарап отырған жоқ. Қосымша, ұсақ шаруашылықтарға техникалық көмек көрсетіп, ет-сүт өндіреді.

Ершат Беков, «Айбат» шаруашылығының директоры:

– Ет пен сүт Ақмола облысына сатылады. Ет шұжық ретінде Ақмола, Қарағанды облысына сатылады.

Қожалық жұмыскерінің орташа табысы – 190 мың теңге. Жақсының шаруалары жоғары жалақыны жұмыстың өнімділігімен тауып отыр. Өнімділік ендігі жерде ауыл шаруашылығы саласының негізгі сапа көрсеткіші болмақ.

Мемлекет тек нәтиже көрсеткен шаруаға көмек қолын созады. Ауыл шарауашылығының міндеттерін Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында тарқатып айтты. Соның бірі – өнімділікті арттыру арқылы салаға инвестиция тарту. Шағын ғана Жақсының астық қоймасына 9 млрд теңгеге жуық жеке қаражат құйылған.

Азамат Алдоңғаров, тілші:

– Шикізатты өңдеп, дайын өнім шығару. Бұл – шаруалардың үлкен міндеті. Осы міндетті мүлтіксіз орындап отырған Жақсының астық қоймасы күніне 30 тонна 9 түрлі жарма шығарады. Дайын өнімді дүкен сөрелерінен табуға болады. Жақын болашақта Жақсының «өте жақсы» өнімінің дәмін Қытай мен ТМД-ның тұтынушылары татады.

Тәулігіне 520 тонна ұн, 240 тонна құрама жем шығаратын қуаты бар элеваторда бір мезгілде 300 мың тонна астық сақтауға болады. Жабдығы озық, сондықтан өнімнің сапасы да Президент дастарханына қоюға тұрарлық.

Мемлекет басшысының жоғары бағасына ие болу – ең жақсы жарнама. Өнімің Президенттің дастарханына жетсін десең Жақсыдан үлгі ал. Бизнес субсидияға сұқтанбай, керісінше елге жұғымды болуы тиіс. Үлгі – тағы да Жақсының жомарттары. Мемлекеттік жекеменшік серіктестік негізінде салынған ауылдың спорт мектебіне республикамыздың түкпір-түкпірінен бала келіп оқиды.

Шағын ғана ауыл, бір күнге болса да, Мемлекет басшысы деңгейіндегі үлкен саяси оқиғаның орталығына айналды. Бірақ жақсылықтар мұндай абыройдың құнын жақсы біледі. Адал еңбек – Президенттен «өте жақсы» деген баға алудың жалғыз жолы.

 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы