•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 392

    Сексеуіл кесуге жарияланған мораторий Сыр өңіріндегі орман қорының ұлғаюына мүмкіндік берген

    2015 жылдан бері еліміз бойынша сексеуіл кесуге жарияланған мораторий Қызылорда облысындағы орман қорының ұлғаюына және сортаң жерлердің елеулі бөлігін қалпына келтіруге мүмкіндік берді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

    Мамандардың мәліметі бойынша өңірдегі барлық орман өсімдіктерінің арасында сексеуілдің үлесі 87 пайызға жеткен.

    Айта кетейік, биылғы жылдың қаңтар айында шөлде өсетін өсімдікті қорғау шаралары тағы 5 жылға ұзартылды. Мораторийдің маңызы қандай?

    Қазақстандағы сексеуіл алқаптарының 40 пайызы Қызылорда облысының аумағына кіреді. Бұл Сыр өңіріндегі мемлекеттік орман қорының шамамен 6 жарым миллион гектарын құрайды.

    Жандос Әлиев, «Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау» КММ директоры:

    – Бір дана сексеуіл 10 текше метр құмды ұстап тұрады, көшуінен тоқтатып. Бұл өте тиімді нәрсе. Басқа облыстарда құм көшкіні көбейіп отыр. Ал бізде сексеуілдің көбеюіне байланысты бұл тоқтатылып тұр.

    Мамандардың мәліметі бойынша, мораторий кезеңінде сексеуіл орманды жерлерде ғана емес, жеке алқаптар мен ауылдық округтердің аумақтарында да көптеп өскен. Бүгінде осы өсімдік есебінен бірқатар аудандардың қорғау аумағына кіретін жасыл желек қоры да ұлғайып отыр.

    Бақытжан Әбдісәметов, «Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау» КММ директорының орынбасары:

    – Санақ жүргізу барысында 1580 гектар жер өздігінен көбеюінен орманды алқапқа ауыстырдық. Осыдан да байқауға болады. Шөлейтті жерлерде орманды алқап 691 мың гектар жерді қамтып отыр.

    Мамандар шіріген сексеуілдің қоршаған ортаға зияны көп екенін айтады. Олар өсімдік ауруларын таратып қана қоймай, орман өрттеріне де себепші болады. Табиғат тазалығын сақтау үшін қартайған сексеуіл ағаштарын тұрғындардың кесуіне рұқсат беру қажет, дейді орманшылар.

    Исатай Әбдіразақов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

    – 1 млн гектардың аумағында сексеуілдер өсуін тоқтатып, қартайған сексеуілдер болып есептеп жатырмыз қазір. Орман заңнамасына сәйкес кеспе ағаш аймағынан тыс жерлерде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін қолдап жинау арқылы 11 мың текше метр шамасында отын алуға лемиттер бөлінді.

    Отын ретінде қызуы күшті сексеуілдің табиғат тепе-теңдігін сақтаудағы маңызын көпшілік жақсы біледі. Сондықтан Арал теңізінің құрғаған ұлтанына да осы өсімдікті егу белең алып отыр. Тұрмыста тек отыннан басқа ештемеге жарамайды делінген сексеуілден ғалымдар дәрілік заттар дайындауға болатынын да анықтапты.

     

    Опубликовано 06.09.2019

    Поделиться материалом

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Архивы

    • Опрос

      Каких специалистов не хватает на вашем сельхозпредприятии?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      10°
      17°
      Ср
      16°
      Чт
      12°
      Пт
      11°
      Сб
      8°
      Вс
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39