Ауыл шаруашылығы министрлігі студенттерге білім гранттарын бөлетін болады

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін анықтау жөніндегі функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі, деп хабарлайды strategy2050.kz сайты.

Фото: pixabay.com

Бұл өзгерістер 2019 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Қабылданған заң аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарының көлемін анықтау, оларды бөлу мен орналастыру  бағытындағы құзіреттері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі.

Қабылданған бұл өзгерістер саладағы мамандарды дайындауда мемлекеттік тапсырысты нақты қалыптастыруға, қаржыландыру көлемін дұрыс анықтауға, сапалы кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарын әділетті түрде іріктеуді жүргізуге және мамандықтар бойынша гранттарды дұрыс бөлуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Жоғарыда аталған Заңның білім беру гранттарына қатысты өзгерістер мен түзетулер енгізілген нормалары 2020 жылғы 6 қаңтардан бастап өз күшіне енеді. 

Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңы еліміздегі агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында қабылданған. Онда Қазақстан Республикасының 13 кодексі мен 29 заңына 800-ден аса түзетулер енгізу қарастырылған. 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Что чаще всего воруют рабочие вашего сельхозпредприятия?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы