Атырау облысында шаруагерлерге 216 млн теңгенің субсидиясы берілді

Атырау облысының шаруагерлеріне он айда 216 млн теңгенің субсидиясы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Нұрлыбеавтың мәліметінше, мемлекет тарапынан шаруагерлерге көрсетіліп отырған көмектің нәтижесінде егістік көлемі ұлғайған. Биыл облыстағы 307 ауылшаруашылық құрылымы 9300 гектар алқапқа тұқым сеуіп, 73 млрд теңгенің өнімін жинаған. Соның ішінде картоп дақылына басымдық беріліп, 2042 гектар алқаптан 30 мың тоннаға жуық өнім алынған.

«Мемлекет тарапынан тұқым шаруашылығын қолдауға, гербицид пен биопрепараттарды, минералды тыңайтқыштарды сатып алуға, су жеткізуге субсидия беріледі. Биылғы он айда облыс шаруашылықтары 216 млн теңгенің субсидиясын алды», – дейді Қайрат Нұрлыбаев.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін шаруагерлерге берілетін субсидияның көлемі 260 млн теңгені құрағалы отыр.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы