Ақсуда қызанақ өсіретін жылыжай ашылады

Биыл Ақсу қаласында қазақстандық және өзбекстандық инвесторлардың бірлесуімен қызанақ өсіретін жылыжай ашылады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Қасенов мәлім етті.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

– Өткен жылы аумағы 3,5 гектарды құрайтын жаңа жылыжайға республикалық бюджет есебінен инфрақұрылым тартылған болатын, – дейді Бауыржан Қасенов.

Бүгінде құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Салынған инвестиция көлемі бір миллиард теңгені құрайды. Голландиядан арнайы жабдық та сатып алынған.

Спикердің айтуынша, облыс бойынша аумағы бір гектардан аспайтын шағын тоғыз және екі ірі жылыжай бар. Қызанақ өндіретін соңғы екі жылыжай Павлодар қаласында орналасқан. Дегенмен бұл екі мекеме былтырғы жылы бағытын өзгертіп, қияр өсіруді қолға алған. Себебі, қызанақты өсіру үшін жұмсалатын қосымша жарық пен жабдықтау, жылу шығындарының көлемі жоғары. Екі кәсіпкер алдағы уақытта Ресейдің Новосібір мен Омбы өңірлерінің нарығына шығуды көздеп отыр. Сондай-ақ, олардың өнімдерін жергілікті базарлардан кездестіруге болады.

– Маусым аралығында тұрғындар арасында қызанаққа деген сұранысты өтеу үшін 2,8 тонна өнім керек. Алайда қазіргі таңда біз бұл көрсеткіштің 30 пайызын ғана өтейміз. Бұл ретте, шілде-қазан айларындағы кезең есепке алынбаған. Биыл қараша-желтоқсан айларында жергілікті өнімді тұтынамыз деген сенім зор, – дейді Бауыржан Қасенов.

Бұдан басқа, 2016 жылы Екібастұз қаласында ашылған голландиялық раушан гүлдерін өсіретін жылыжай биыл қосымша бес гектар аумаққа қызанақ отырғызуды көздеп отыр. Кәсіпкер мұнымен шектеліп қалмай алдағы уақытта жылыжай алаңын 30 гектарға дейін жеткізбек.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Что чаще всего воруют рабочие вашего сельхозпредприятия?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы