Тікелей инвестициялардың Қазақстан-Венгрия инвестициялық қоры Қазақстанда құны 12 млн АҚШ доллары тұратын қазіргі заманғы жылыжай кешенінің құрылысына инвестиция салды
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, Венгрияның «Эксимбанк» және CCL Capital басқарушы компанияның қатысуымен құрылған Тікелей инвестициялардың Қазақстан-Венгрия қоры Ақтөбе облысында құны 12 млн АҚШ долларының жоғары технологиялық жылыжай кешені құрылысы бойынша жобаға инвестиция салды, деп «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі.
CCL Capital атап өтілгендей, жылыжай кешенінің құрылысы үш жыл бойы кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. Жоба KUBO Group (Нидерланды) компаниясының Ultra Clima бесінші буынның технологияларын пайдалану арқылы жартылай жабық жылыжай тұрғызуды болжайды. Мамандардың бағалауы бойынша, Ultra Clima технологиясы базасындағы кешендер дәстүрлі жылыжайларға қарағанда орташа 20%-ға тиімдірек. Жобамен жалпы алаңы 20 гектар жылыжай кешенінің төрт блогының құрылысы қарастырылған.
Ақтөбе облысындағы алаңы 20 га қазіргі заманғы жылыжай кешенінің құрылысы бойынша жобаны іске асыру туралы FoodVentures (Голландия), «ADM Capital» (Венгрия) және “Green Capital Kazakhstan” ЖШС (Қазақстан) компаниялары арасындағы үшжақты келісімге 2017 жылғы 25 тамызда Астана қаласында «ҚазАгро» ұлттық холдингімен ұйымдастырылған «AgroInvest Forum 2017» агроөнеркәсіптік инвестициялық форум барысында қол қойылғанын еске саламыз.
«Біз, басқа елдердегі ұқсас кешендерді басқарудағы біздің тәжірибеміз, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы голландияның жетекші компанияларындағы жаңа технологиялар қысқа мерзім ішінде бізге барлық жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Жобада Ultra Clima технологияларын пайдалану біздің бірлескен компанияға төмен операциялық шығындардың және өнімнің жақсы сапасы есебінен бәсекелес артықшылықтарды алуға ықпал етеді», – деді FoodVentures B.V. өкілі Дирк Алевен мырза.
«Біз Ақтөбе облысында өзіміздің жылыжай бизнесімізді бірнеше жыл бұрын шағын жобадан бастадық. Осы уақыт ішінде Қазақстанда жылыжай шаруашылығы саласындағы бизнес инвестиция үшін аса тартымды бағыт болып табылатынын көрсеттік және өсіре алдық. Біздің бизнесті кеңейту варианттарын қарастыру процессінде біз CCL Capital оның жобаға соңғы халықаралық технологияларды тарту мүмкіндіктерімен, сондай-ақ сенімді серіктес болу және бізбен бір командада жұмыс істеу мүмкіндігімен, бұл бізге аса қажет деген қорытындыға келдік», – деді жобаның қазақстандық серіктестерінің бірі Қуаныш Қабиденов.
CCL Capital серіктесі Орынбасар Қуатов мырза өз кезегінде, бүгінде ауыл шаруашылығы Қазақстанның экономикасын дамытудың басты драйверінің бірі болып табылатынын атап өтті. «Халықарылық инвестициялық ұйым ретінде, біз тұрақты негізде Қазақстаннның және ТМД елдерінің нарықтарын талдаймыз. Соңғы уақытта біз бұл елдерден шетелдік инвесторлар тарапынан осыған мүдделілік сияқты ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібін дамытудағы үлкен әлеуетті көреміз», – деді Қуатов мырза. Ол: «Алматы қаласында орналасқан CCL Capital командасы аталған өңірдегі кәсіби командалардың бірі, оның мәмілелер жасасуда үлкен тәжірибесі бар, және ол Қазақстанда жаңа тартымды жобаларды қарастыруға қашанда дайын» деп сөзін толықтырды.
«ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малеловтің айтуынша, аталған жобаны тікелей инвестициялар қорының құралдарының қатысуымен іске асыру өз кезегінде елдің агроөнеркәсіптік кешенінің тартымдылығын дәлелдейді. Холдинг саланы қаржыландырудың аталған құралын дамытуға қатысты жұмысты жалғастыруға ниетті, ол қаржы қаражаттарын тартып қана қоймайды, және де технологиялардың трансфертін, өндірістің тиімділігін жоғарылатуды, жаңа жұмыс орындарын құруды тұспалдайды, бұл «ҚазАгро» холдингі үшін қызметтің басты бағыттарының бірі болып табылады.