Қостанайда қара балмұздақ шығарылады
Кәсіпкердің айтуынша, қазір зауытта күніне 170 тонна сүт өнімдері шығарылып, оның 12%-дан көбі Ресей нарығына жөнелтіледі, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Сіздерге ерекше қораптағы «Құлпынай» йогуртын таныстырғым келіп тұр. Қорабының екі жағында «Push» деп көрсетілген қызыл ноқат бар. Соны басып, йогуртты соңғы тамшысына дейін ішіп қоюға болады. Бұл – Қазақстанда баламасы жоқ өнім», – деді кәсіпорын технологы Әлия Сүндеталина.
Вице-министр зауытта қолданылып жатқан жаңа технологиялар өнім көлемін ғана емес, сапасын да арттыруы тиіс екенін атап өтті.
Іссапар «Жас қанат-2006» құс фабрикасы мен «Олжа Садчиковское» сүт-тауар фермасында жалғасты. Одан соң, Айдарбек Сапаровтың Алтынсарин ауданында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесуі жоспарланған.