Қазақстанның фермерлер үшін барлығы ауылшаруашылық техникасының лизингі туралы
Қазақстандағы машина және трактор паркін жаңарту барысының төмен қарқыны және соның нйтижесі ретінде, технологиялық операциялардың бұзылуынан ауыл шаруашылығы дақылдары шығымдылығының төмендеуі, сондай-ақ агробизнесті дамыту мүмкіндіктері туралы фермерлердің төмен хабардарлығы «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының «Ашық есік күні» деп аталатын ауқымды акция өткізуіне себеп болды. Бұл іс-шараның алғашқы келушілері Алматы облысының фермерлері болмақ.
![Иллюстративное фото](http://agroinfo.kz/wp-content/uploads/2016/09/tehnika.jpg)
Ағымдағы жылдың 28 қазанында «ҚазАгроҚаржы» АҚ басшылығы мен Орталық аппаратының бейінді мамандары (клиенттермен жұмыс жөніндегі, техника сатып алу жөніндегі, лизингтік, кепілзаттық және құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі менеджерлері) фермерлермен көзбе-көз кездесіп, оларды қызықтыратын:
– лизингті рәсімдеуге қажетті құжаттардың тізбесі;
– лизингті рәсімдеу мен ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу мерзімдері;
– лизингті рәсімдеудің заңгерлік мәселелері;
– төлемдерді жүзеге асыру;
– субсидиялау;
– ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдық лизингі шарттары;
– арнайы лизинг бағдарламаларын қаржыландыру;
– басқа да қаржыландыру алу мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беру үшін, сондай-ақ ҚазАгроҚаржының лизинг шарттарын жақсарту жөніндегі фермерлердің ұсыныстарын тыңдау үшін Алматы қаласына келмекші.
Сіздерді Астана қаласындағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ Орталық Аппаратының басшылығы мен менеджерлерінің қатысуымен өтетін пресс-конференцияға шақырамыз. Пресс-конференция 2017 жылғы 28 қазанда сағат 12.00 Алматы қаласында Бөгенбай батыр көшесі 142, «Қайсар» БО, 4 қабатта өтеді.