•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 794

    Атырауда «Бастау» жобасы бойынша ауыл шаруашылығы саласында 130 жоба қаржыланды

    Өткен жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасымен жүзеге асып жатқан  «Бастау» жобасымен 1 325 атыраулық бизнес негіздерін оқып шықты, оның ішінде 305 адам жеке кәсібін дамытуға жеңілдікпен несие алды, деп atameken.kz сайтты.

    Фото: pxhere.com

    Фото: pxhere.com

    Естеріңізге салсақ, халықтың экономикалық белсенділігін арттырып, кәсіпкерлікке тарту мақсатында «Бастау» жобасы «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен қолға алынған болатын. Жеке кәсібін ашқысы келетін жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сонымен қатар бизнесін кеңейткісі келетін жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер жобаға қатыса алады.

    Атырау облысында жоба 2017 жылы іске қосылды. Ол уақытта кәсіпкерлік негіздеріне оқуға Индер, Исатай, Қызылқоға және Махамбет аудандары қатысты. Бірінші жылы жобаға барлығы 750 адам қатысты, оның ішінде 130 адам жеке кәсібін ашты. Атап айтқанда 77 адам жалпы сомасы 271,5 млн теңге көлемінде түрлі қаржылық ұйымнан жеңілдікпен несие алды. Бизнес-жобалардың басым бөлігі – ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету саласына қатысты.

    «2018 жылы «Бастау» жобасы бүкіл облысты қамтыды. Барлығы 1 325 атыраулық оқып шықты, 305 қатысушы 1 млрд 37 млн теңге көлемінде шағын несие алды. Сонымен қатар 25 қатысушы 100 АЕК көлемінде қайтарымсыз гранттарды иеленді», – деп хабарлады Атырау облысы ӨКП Бизнесті қаржылай емес қолдау бөлімінің жетекшісі Жанаргүл Жоламанова.

    Аудандар Бағдарлама шеңберінде оқуға қатысқандар   (адам) Алынған несие саны  (адам)
            Атырау қ. 116 8
       Жылыой 175 41
       Индер 175 48
       Исатай 145 46
      Қызылқоға 167 43
     Құрманғазы 262 56
     Мақат 154 16
     Махамбет 131 47
      БАРЛЫҒЫ: 1325 305

    305 жоба ішінде 215 жоба  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, 58 жоба – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы қаржыландырылды. Тағы 25 адам Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында грант алды, 1 адам «Теңізшевройл» компаниясының «Жарқыра» бағдарламасы бойынша грант алды. Бұдан бөлек 5 жоба екінші деңгейлі банктен несие алса, 1 жоба – лизингтік компания арқылы қаржыланды.

    2018 жылы қаржыландырылған жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығына жатады. Ары қарай көлік және қаттау, сауда, қызмет көрсету мен өңдеу өнеркәсібіне қатысты жобалар.

    Опубликовано 14.01.2019

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Если бы вы, как наёмный работник в сельском хозяйстве, могли работать более производительно, то что необходимо для этого сделать?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -10°
      -5°
      Ср
      -19°
      Чт
      -15°
      Пт
      -12°
      Сб
      -12°
      Вс
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian