Павлодардың жасымығы Түркияға эскпортталады

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Түркияның өнеркәсіп және кәсіпкер-әйелдер конфедерациясының президенті Незакет Эмине Атасоймен кездесуде Авлодардың жасымығы Түркияға экспортталатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Pavlodarnews.kz порталының мәлметіне қарағанда, тараптар облыстық кәсіпкерлер палатасында кездескен.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Аймақ басшысы мәртебелі мейманмен сұхбат барысында Павлодар облысы мен Түркия мемлекеті арасындағы тауар айналымы 64 млн долларға жеткенін тілге тиек етті. Оның ішінде алюминий экспорты 61 млн доллар болған.

Сондай-ақ, ол Ертіс өңірі түркиялық тараппен іскерлік қарым-қатынасқа мүдделі екендігін айтып, өнеркәсіпте, туризмде, медицина мен ауыл шаруашылығы саласында әріптестік орнатуға ұсыныс білдірді.

«Түркияға көп мөлшерде жасымық эспортталады. Біздегі ақпарат бойынша тек Канаданың өзі жыл сайын 80 мың тонна жеткізіп отыр. Сапа жағынан біздің жасымық канадалық дақылдан кем түспейді, павлодарлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бұл бағытта бәсекелестікке түсе алады. Біз Түркия еліне бұл дәнді дақылды жеткізуге әзірміз» – деді Болат Бақауов.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы