Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту үшін жеңілдетілген несие жүйесі енгізілмек – АШМ

Елімізде ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту үшін жеңілдетілген несие жүйесі енгізілмек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Вице-министр Қазақстандағы 20 ауыл шаруашылығы техника өндірушісінің жүктемесі 30 пайыздан аспайтындығын жеткізді.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

 

«Техниканы қайта жабдықтау картасына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласын жаңа техникамен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Еліміздегі 20 отандық ауыл шаруашылығы техника өндірушісінің жүктемесі 30 пайыздан аспайды. Ал импорт үлесі өндірістен екі есеге артық. Егер қуатты тракторлар мен комбайндар өндірісін дамыту уақытты қажет етсе, шағын механика, яғни жер өңдеу және жем дайындау техникасы бойынша жағдайды өзгерте аламыз. Олардың ғана импорты жылына 60 млн долларды құрайды», – деді Айтуғанов.

Қайрат Айтуғановтың айтуынша, карта аясында отандық техникаға ставкасы 5 пайыздан аспайтын жеңілдікпен несие беру бағдарламасын енгізу қарастырылған. Содан кейін инвестициялық субсидиялау механизмін өзгерту көзделген. Ол сатып алушыға емес, зауытқа төленеді. Зауыт техниканы субсидия көлеміндегі жеңілдікпен сататын болады. Сондай-ақ, техниканың қосымша құн салығына жеңілдіктер жасалмақ.

«Жалпы алғанда, 2021 жылға дейін жеңілдікпен несие беруге 217 млрд теңге қажет болады. Қаржының қайтарылуы есебінен ауыл шаруашылығы техникасы паркінің жаңартылуының оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», – деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Үкімет сағатында ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ауыл шаруашылығы техникасының тозығы жеткендігін айтқан болатын.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы