АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асуда
Бүгін ҚР Үкіметінің Баспасөз орталығында ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі және «ҚазАгро» ұлттық холдингіне бағынысты ұйымдар өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Баспасөз мәслихаты барысында ҚР ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асуы жайлы баяндады.
Елбасы өз Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін ең басым сала ретінде кезекті рет ерекше атап айтты. Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдында нақты әрі үлкен міндет тұр. Аграрлық сектор Қазақстан экономикасының жаңа драйверіне айналуы тиіс.
Алға қойылған межеге жету үшін Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың ақпан айында АӨК дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Оның басты артықшылықтары: ішкі нарықты молықтыру және отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту, ауыл шаруашылығы кооперациясына шағын және орта шаруашылықтарды көптеп тарту, су ресурстарын тиімді пайдалану мен сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту.
Биылғы жылы АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында егіс алқаптарын қарқынды әртараптандыру басталды. Бұл үшін министрлік пен әкімшіліктер арасында меморандумға қол қойылды. Қажетті дақылдар аумағы 1 млн. гектардан асты.
Бүгінгі күні Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында астық жинау науқаны басталып кетті.
Ағымдағы жылдың 15 тамызындағы есеп бойынша 38% алқап орылса, алғашқы салмақта 1 740,3 мың тонна астық бастырылды.
Осы жылдан бастап бірегей және элиталық тұқымды өндіру жұмысы жаңарды. Биылғы жылы тұқым шаруашылығына бөлінген бюджеттік қаржының көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есе көбейгенін айта кеткен жөн. Ең төменгі мөлшердің күші жойылғаны фермерлердің субсидия алуға деген қызығушылығын арттыра түсті. Себебі, бұрынғы ереже бойынша тұқымның аз ғана бөлігі субсидияланып келген еді.
Тыңайтқыштарды қолдануға ынталандыру мақсатында субсидиялау тәсілдері өзгертілді.
Бұл тыңайтқыштарды қолдану көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Тыңайтқыштарды қолдану алғашқы рет соңғы бірнеше жылда қажеттіліктің 14%-ын құрайтын болады. Сондықтан субсидияланған тыңайтқыш түрлері 2016 жылы 85 болса, ол көрсеткіш 2017 жылы 161-ге өсіп отыр.
Мал шаруашылығында соны өзгерістер субсидия алу көлемін ұлғайтты. Егер бұрын сиыр еті үшін 175 шаруашылық субсидия алса, бүгінде 522-ге жетті, яғни 100 %; сүтке субсидия алу 269-дан 532 шаруашылыққа жетті; қой етіне 1,3 есеге ұлғайды, яғни 180-нен 234 шаруашылққа; жүн бойынша 3,6 есеге өсті, яғни, 50-ден 180 шаруашылыққа дейін жетіп отыр.
Сондай-ақ қой етін субсидиялау сұранысқа ие қозы етіне ауыстырылды.
Жүн өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі аз болуына байланысты жұқа ғана емес, жартылай жұқа жүн өңдеуді де субсидиялау қарастырылған.
Ауыл шаруашылығы кооперациясына ұсақ және орта шаруашылықты тарту Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудағы ең негізгі тәсілдің бірі болып табылады.
Ауыл шаруашылық кооперативтері саланы және ауылды дамытуда әлеуеті зор болғандықтан маңызды рөл атқарады, деп атап өтті Қ.Айтуғанов.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді біріктіру мақсатында 160 ауылдық аудандарда семинар өткізіліп, 2 248 ауыл әкімдері мен аудан әкімінің орынбасарлары оқытылды. Кооперация туралы кеңес беру мақсатында тегін бірыңғай Коол-Орталық және fermers.kz порталы құрылды. Және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне кепілсіз және бастапқы жарнасыз сүт қабылдау пункттері мен бордақылау пункттерін алу жүйесі жасалды. Сонымен бірге, кооператив мүшелеріне несие алу тетіктері қарастырылды.
Жыл басынан бері 517 кооператив құрылған (мемлекеттік бағдарлама жоспары бойынша 326), оның ішінде 173 кооператив сүт қабылдау пункттері (жоспар 220 бірлік), 281 кооператив мал сою пункттері (жоспар 109 бірлік).
48 447 мүйізді ірі қара малға арналған 3 017 отбасылық бордақылау алаңы және 11 отбасылық жылыжай құрылды.
Ауыл шаруашылығы кооперациясына 53,5 мың жеке шаруа қожалық пен ұсақ және орта шаруашылықтар мен отбасылық бордақылау алаңдары тартылды.
Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында министрлік АӨК өнімдерінінің экспорт көлемін ұлғайту үшін келесі жұмыстарды жүргізді. «Продкорпорация» ҰҚ» АҚ экспортты жылжыту үшін ауыл шаруашылығы тауарларын сыртқы нарыққа сату операторы болып қайта құрылды. Ол енді тастықпен ғана емес ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзге де түрлерімен айналысады.
2017 жылы Продкорпарацияа 300 000 мың тонна дақылды экспорттады (2016 жылы бұл көрсеткіш 190 мың тонна болған); өсімдік майы 2 мың тонна; пилоттық тауар: жасымық, бұршақ, нұқ, соя, жүгері – 5 мың тоннаны құрады.
Балық шаруашылығына, мал шаруашылығына, ара шаруашылығына, жылқыға және кебекке Қытай нарығы ашылды. Біріккен Араб Әмірлігіне ірі және майда мүйізді ірі қараға кедергілер алынып тасталды.
Иран еліне суытылған мал еті мен тірі қой жеткізу үшін ветеринарлық сертификаттың жобалары келісілуде және мұздатылған қой етін өткізуге жұмыстар жүргізілуде. Біріккен Араб Әмірлігіне ірі және майда мүйізді ірі қара мен тауық жұмыртқасын апару үшін ветеринарлық сертификатқа қол қойылды.
Ағымдағы жылдың 4 айында қайта өңдейтін кәсіпорындарда кең ауқымды талдау жүргізіліп, деректер базасы қалыптастырылды. База әрбір кәсіпорынның ағымдағы жағдайын, қуатын, енген жылын, жабдықтарының түрін, өнімнің көлемі мен номенклатурасына және тежелген мәселелеріне баға береді.
Әрбір облыс пен аудандарда қайта өңдеудің 9 басым түрінің есебі жүргізілді. Және кәсіпорындардың аграрлық қайта өңдеу картасы әзірленді.
Дерек көзі: ҚР АШМ Баспасөз қызметі