ҚР Үкіметінде 2017 жылғы көктемгі егіс жұмыстарының қорытындысы қаралды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов 2017 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын өткізу қорытындылары туралы баяндады.

Биыл еліміздегі егіс алқабының жалпы ауданы 22,5 млн га-ды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 650 мың га-ға үлкен. Егін егу жұмыстарын әртараптандыру аясында сұранысы жоғары дақылдарды егетін алқаптар 1 млн 348 мың га-ға ұлғайтылды, бұл АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасының жоспарланған индикаторынан 340 мың га-ға жоғары көрсеткіш.

Aituganov_3

Жасымық егісін ұлғайту Қазақстанға әлемде аумақ бойынша бесінші және экспорт бойынша төртінші орынды иеленуге мүмкіндік береді. Бұдан өзге, биыл қант өндірісі бір жарым есеге, майлы дәндер 1,3 есеге ұлғайтылады деп күтілуде. Жүзеге асырылып жатқан әртараптандыру жұмыстары әр гектардың тиімділігі мен өндірістің табыстылығын арттырады.

Тұқым шаруашылығына қолдау көрсету қаражаттарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3,3 есеге өсті. Бірегей және элиталық тұқымдар өндірісі қайта қалпына келтірілді және тұқым шаруашылығына қолдау көрсетудің өзге де шаралары қабылданды. Сондай-ақ, минералды тыңайтқыштарды субсидиялау тетігін қайта қарау оларды қолдану көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қажетті дизельдік отынға деген сұраныс толығымен қамтамасыз етілді. ҚР Үкіметінің жаздық егіс кезеңінде акциздердің мөлшерлемесін төмендету туралы шешімі дизельдік отын бағасын республика бойынша орта есеппен литріне 123 теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Егістерді химиялық өңдеу бойынша қорғау шараларын жүргізу үшін еліміздің оңтүстік өңірлеріне қосымша пестицидтер мен техникалар жеткізілді. 591 мың га жер өңделді. Ауыл шаруашылығы жерлеріне зақым келтірілген жоқ.

«Өзге өңірлерде үйірлі көкқасқа шегірткелерге қарсы олардан қорғау шаралары жоспар бойынша жүргізіліп жатыр», – деді ҚР АШМ бірінші вице-министрі.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы