Астанада 25 тамызда Аграрлық өнеркәсіптік Инвестициялық форум өтеді

Қазақстанда «AgroInvest Forum 2017» Аграрлық өнеркәсіптік инвестициялық форум өткізілетін болады.  Бұл іс-шара 2017 жылғы 25 тамызда Астанада өткізіледі және Қазақстаннан, Қытайдан, Ираннан, БАӘ, Венгриядан, Польшадан, Ресейден, Испаниядан, Түркиядан және басқа елдерден 100-ден астам қатысушыны жинайды.   

Форумның негізгі міндеті – қазақстандық бизнеске ауыл шаруашылығында және азық-түлік тауарларының өндірісіндегі жобаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер іздестіруге көмектесу, салаға инвестициялық капитал тарту, АӨК бизнес жүргізу үшін жаңа трендтер мен перспективаларды талқылау.  ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингімен өткізілетін инвестициялық форумда іскерлік байланыстарды  жақсартудан басқа отандық бизнестің шетелдік әріптестермен және инвесторлармен тиімді ынтымақтастығына кедергі болуы мүмкін проблемалық мәселелердің қатарын талқылау жоспарланады.

АгроИнвестФорум Астана 2017

Для участия на  «AgroInvest Forum 2017» форумына қатысу үшін ірі шетелдік инвесторлар, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттары мен инвестициялық қорлардың өкілдері, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік агробизнес өкілдерінің кеңейтілген тобы шақырылды. Қатысушылар мен сөз сөйлеушілер қатарында – Азия даму банкінің,  Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы, Ислам даму банкінің, халықаралық электрондық сауда алаңдарының өкілдері және басқалар бар. Қазақстандық өндірушілер инвесторлармен жұмыс және аграрлық жобаларды іске асыру  бойынша тәжірибемен бөліседі.

Форум аясында арнайы RACS Quality Certificates Issuing Services (БАӘ) сертификациялық орталық өкілі баяндама жасайды, ол Халяль сертификациясының рәсімдері туралы айтады. Іс-шараны ұйымдастырушылар форумда іскерлік байланыс орнатуға тиімді көмектесу мақсатында, сондай-ақ көкейкесті мәселелерді шешу үшін коммуникация құралдарының кеңейтілген спектрін ұсынады:  инвесторлардың жобаларды көрсетуі (Pitch-презентациялар), Public talk және networking форматында аудиториямен тікелей байланыстар,  тақырыптық секциялар, панельдік пікірталас,  шеберлік сабақтары,  B2B, B2G кездесулер.

Форум жұмысын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде онлайн-трансляция бойынша көруге болады.

«AgroInvest Forum 2017» қатысушыларын тіркеу мына адрес бойынша жүзеге асырылады: http://www.investagro.kz/БАҚ тіркеу: pr@investagro.kz

АгроИнвестФорум Информация

Дерек көзі: «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы