Алтайдан қазақтың ақбас сиырын алдырып, Өзбекстанға бұқа жөнелтпекші

Жамбыл облысында ет бағытындағы мүйізді ірі қара малын өсіру, оның өнімін экспорттау ісі жолға қойылуда.

 

Жамбыл облысында ет бағытындағы мүйізді ірі қара малын өсіру, оның өнімін экспорттау ісі жолға қойылуда, деп хабарлайды abctv.kz сайты.

Былтыр өңір бойынша мүйізді ірі қараның саны 350 мың басқа жуық болса, биыл сол көрсеткішті 3,4 пайызға арттырып, алыс-жақын шетелдерді етпен жарылқасақ деген бастама бар. Осы мақсатта жыл басында 2018-2027 жылдар аралығында етті мал шаруашылығын дамытуға арналған салалық бағдарлама қабылданып, индикативті көрсеткіштері бекітілген.

Иллюстративное фото из открытых источников
Иллюстративное фото из открытых источников

Бұл бағдарламаға сай 2024 жылға дейін облыста алыс-жақын шетелдерден 36 мың басқа жуық ұрғашы мүйізді ірі қара мал сатып алынбақ. Биыл соның 1850 басын жеткізу жоспарланған екен. Айта кетейік, биыл өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға облыстық және республикалық бюджеттерден 15,7 миллиард теңге бөлінсе, оның 3,5 миллиард теңгесі мал шаруашылығына бағытталып отыр.

Шетелден мал сатып алу межесін орындау мақсатында жуық арада мойынқұмдық «АгрофирмаТөріпкен» ЖШС Ресейдің Алтай өлкесінен 600 бас қазақтың ақбас сиырын жеткізген болатын.

Осыған дейін серіктестік Ресей федерациясынан 1699 бас ет бағытындағы «Қалмақ» тұқымдас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын әкелген. Алдағы уақытта тағы сол елден 3 мың бас МІҚ малын импорттауды жоспарлап отыр. Бүгінгі күні 3000 басқа арналған бордақылау кешені және 5000 басқа арналған репродуктор-шаруашылық құру жобасымен айналысуда.

«АгрофирмаТөріпкен» ЖШС директорының орынбасары Серікбай Ұлышевтың айтуынша, облыста ет бағытындағы мал санын арттыру бойынша нақты жоспарлары бар. Мәселен, олар импортталған малды шағын шаруашылықтарға беру арқылы өнімін алып отыратын бағдарлама жасамақ.

Жалпы, өңірдегі «2018-2027 жылдар аралығында етті мал шаруашылығын дамытуға арналған салалық бағдарламасы» аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалдарына 19 тауар өндірушіден өтінім қабылданып, оның төртеуі мақұлданған екен. Оның үшеуіне 104,9 миллион теңге несие беріліп, соның нәтижесінде Ресей Федерациясынан мал әкелу бойынша келісімдер жасалуда.

Осы орайда жоғарыда аталған «АгрофирмаТөріпкен» ЖШС зәкірлік кооперация бойынша облыстағы шағын шаруашылықтармен жұмыстар жүргізіп, шетелден мал жеткізіп беру (операторлық) қызметін ұсынуда.

Мал шаруашылығы атакәсіп болған қазақ үшін шетелден мал әкелудің қаншалықты қажеттілігі бар екені ел арасында жиі айтылады. Мемлекеттің миллиардтаған қаржысын жұмсап, өзге елден мал әкелу қаншалықты қажет деген талқылау көп. Бұл мәселе жайлы агроөнеркәсіп саласының маманы, ұзақ жылдар бойы Жамбыл ауданық ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі болған Аманәлі Құрбановтың өз пікірі бар.

«Қазақта мал жоқ емес. Мәселе оның сапасында, нақтылы жағдайда салмағында болып тұр. Біздің халық мал санын арттыруды білгенмен, түрлі тәсілмен оның асыл тұқымды сұрыптарын өндіру, селекциялық жұмыс сынды істі қолға алмаған. Соның салдарынан сапа мәселесі кенжелеп қалды. Ендігі кезекте шаруалар мал басын көбейтіп қана қоймай, оны асылдандыру ісін қатар алып жүрсе, алдағы аз уақытта шетелден мал жеткіу мәселесі болмайды деген ойдамын», – дейді байырғы маман.

Ал бүгінгі таңда Жамбыл облысында шетелден мал жеткізумен қатар, шетелдік инвесторлардың қатысуымен мал шаруашылығын дамыту бағытында іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар да баршылық. Мысалы, малайзиялық инвесторлармен МІҚ бордақылауды қолға алған «АгростанФарм» ЖШС 2 миллиард 700 миллион теңгенің жобасын, Біріккен Араб Әмірлігінен инвестор тартқан «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС 2 миллиард 379 миллион тенгенің жобасын жүзеге асыруда. Сондай-ақ, Ресей, Канада, Ирландия сынды мемлекеттермен де біріккен жобалар бар. Соның нәтижесінде жыл басынан бері облыстан 1467,2 тонна ет экспортталған. 309,3 тонна сиыр еті Қырғыз Республикасына, Бахрейн Корольдігіне, Өзбекстан Республикасына жіберілсе, 975,1 тонна қой еті Иран Ислам Республикасына экспорталғанын айта кетейік.

Бүгінгі күні Өзбекстанға 2000 бас бордақыланған бұқашықтарды экспорттау бойынша келіссөздер жүргізіліп, 700 бас бұқашық карантинге қойылыпты.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы