Әлем бойынша бидай жинау төмендейді – ХБК
Халықаралық бидай жөніндегі кеңес (ХБК) 2018 жылдың шілдесі мен 2019 жылдың маусымы аралығын қамтитын ауыл шаруашылық жылындағы бидай өсіру болжамын жариялады. Кеңестік наурыз айындағы есебінде көрсетілгендей, әлем бойынша бидай жинау 741 млн тоннаға дейін төмендейді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Капитал порталына сілтеме жасап.
Ал биылғы жылы бидай жиынының әлем бойынша көрсеткіші 758 млн тоннаны құрайды деген болжам бар. Айта кету керек, өткен жылы әлем бойынша 754 млн тонна бидай жиналған.
Сол сияқты, жаңа ауыл шаруашылық жылындағы жүгерінің әлем бойынша жинау болжамы 1 млрд 052 тоннаны құрап отыр. Наурыз айындағы бағалау алдыңғы айдағы болжамнан 3 млн тоннаға төмен. Өткен жылы жүгері жиынының әлемдік көрсеткіші 1 млрд 088 млн тоннаны құраған.
Ал соя түсімін ХБК сарапшылары 354 млн тонна деп бағалады. Ақпан айындағы болжамнан 6 млн тоннаға төмендеген көрсеткіш өткен жылы 350 млн тоннаны құраған болатын.
ХБК болжамы бойынша, жаңа ауыл шаруашылық жылында күріш өндірісі 492 млн тоннаны құрайды. Ал осы жылғы егін 486 млн тоннаға бағаланып отыр. Бұл ақпан айындағы бағалаудан 2 млн тоннаға артық. Өткен жылғы күріш жиыны 487 млн тоннаны құрады.