Ақтөбе шаруалары дәруменге бай қоян етін жеуді ұсынды
Ақтөбеде қоян шаруашылығымен айналысатындар жыл өткен сайын өнімді көбейтіп отыр. Қазір «Органика» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперациясында 450 қоян бар, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
Қоян шаруашылығымен айналысатын ақтөбеліктер еттің пайдасы мен сіңімділігі туралы жан-жақты ақпараттар беріп, сұранысты арттырып отыр. «Органика» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперациясының басшысы Әнуар Болатұлының айтуынша, алғашында шағын фермада«Белый великан» және «Серый великан» тұқымды 2 аталық, 10 аналық қоян болған. Қазір олардың саны 450-ге жетті.
«Қояндардан шығатын қалдық көкөніс үшін таптырмас тыңайтқыш. Ал еті дәруменге бай, жеңіл. Әсіресе, диета ұстайтын адамдар үшін өте пайдалы. Қазіргі кезде қоян еті вакуумды қаптамада сатылады. Жан-жақты ақпарат таратып, өңірдің фитнес орталықтары және денсаулық сақтау мекемелері арасында келіссөздер жүргізіп жатырмыз», – деді Әнуар Отарбаев.
Қоян етін сатып алушылар үшін әлеуметтік желіден арнайы парақша ашылды.Сонымен қатар, жергілікті базарлар мен дүкендерде сатыла бастады.