Ақтөбе өңірінде «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді

2017 жылғы 9–10 қарашада Қазақстан Республикасының барлық өнірлерінде «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбындағы «Қыс-2017» командалық–штабтық оқу-жаттығулары өткізілді, деп ҚР АШМ Баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығына Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының жедел топтар өкілдері, республикалық оқу-жаттығу штабының мүшелері, Азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары жиналып, оларға қойылған міндеттер туралы ақпарат жеткізілді.

Фото: ҚР АШМ Баспасөз қызметі
Фото: ҚР АШМ Баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы министрлігіне күрделі қысқы жағдайларда жұмыс істеу үшін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау объектілерінің, құралымдардың және республикалық қызметтің әзірлігін тексеру міндеті қойылған.

Оқу-жаттығу шеңберінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары М.М. Күлдиковтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың салдарын жоюға әзірлік туралы жедел штаб мүшелерін тыңдау жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жедел штаб басшысы Р.К. Ахмедина жануарлар мен өсімдіктерді қорғаудың Республикалық қызметтерінің төтенше жағдайлардың туындау жағдайындағы іс-қимылдарға әзірлігі туралы баяндады.

 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы