Жетісу облысында жүгері еккен шаруалар өнімдерін өткізе алмай отыр

Жетісу облысында жүгері еккен шаруалар өнімдерін өткізе алмай әлекке түсіп жатыр. Себебі, нарықта бұл өнімнің бағасы арзандап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Қазір Панфилов ауданына қарасты Алмалы ауылындағы шаруалардың жүгерісі қоймаға сыймай, далада обалды болып жатыр. Диқаншылардың сөзінше, олар 2 мың тоннадан артық өнімін өткізе алмай жүр. Себебі, жүгері қабылдайтын жердің бағасы шығынымызды ақтамай тұр дейді.

«Былтырғы жылғы өнімімізді әлі өткізе алмай, сонымен қан қақсап отырмыз. Еш жер алмайды. Бағаның барлығын төмен түсіріп тастаған. Әр қайсысымызда 4-5 гектар жеріміз бар. Басқа жүздеген гектар жеріміз жоқ. 4-5 гектардың өнімін өткізе алмай зар қақсап отырмыз. Былтыр келісінің баға 120теңге болса, биыл 80 теңге», – деді Панфилов ауданының тұрғыны Қали Райымбеков.

Жетісу облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы дер кезінде өнімдерін өткізбеген шаруалардың өзін кінәлап отыр. Себебі, күз науқанында жүгерінің келісі 120 теңгеден, оның сыртында 6 теңге мемлекеттен субсидия беріліп, қабылданғанын айтады. Яғни, шаруалар бір тонна жүгеріні 126 мың теңгеге сатқан. Енді, бағаның түсіп кеткеніне біз кінәлі емеспіз дейді.

«Дер кезінде өткізуі керек еді. Жүгерінің бағасы қымбаттайды деген ойменен қамбаларында осы күнге дейін ұстап отырған. Біз, әрине, бұл мәселені қарастырамыз, бірақ бірде-бір кәсіпорынға мына жүгеріні ал деген міндет қоя алмаймыз», – деді Жетісу облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.

Ал шаруалар Алмалы ауылы таулы аймақта орналасқандықтан, жүгері өзге ауылдарға қарағанда жай пісетінін айтады. Сондықтан дер кезінде өткізе алмадық дейді. Енді, диқаншылар былтырғы өнімдерін өткізбесе, биылғы егінін себе алмайды. Себебі, көктемнен бастап, ала жаздайғы еңбектері табысқа кенелтудңғ орнына шығынға батырып жатыр. Сондықтан, бұл іске министрліктің өзі араласып, шешіп беруін сұрап отыр.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы