Қарағанды облысында егіс алқаптарын көбейту жоспарлануда

Биыл аймақта ауыл шаруашылығы егіс алқаптарының көлемі 1 миллион 83,61 мың гектарға жеткізілмек. Картоп пен көкөністерді де егу алқаптары ұлғайтылады, деп хабарлайды Қарағанды облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Фото: pixabay.com

Ауыл шаруашылық басқармасының мәліметінше, биылғы жылы егіс алқаптарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 15,3 мың гектарға артып, 1 млн 83,61 мың гектарға жетпек. 

– Дәнді дақылдар және дәнді-бұршақты дақылдар алқаптарының көлемін 12,7 мың гектарға, майлы дақылдарды 1,6 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда. Аталған дақылдардың егістік алқаптарының жалпы көлемі 60,1 мың гектарға жетеді.  Картоп 16,3 мың гектарға егіледі. Оның ішінде 11,8 мың гектарға аймақтың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, ал жеке шаруашылықтар 4,5 мың гектарға картоп егеді деп күтілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 200 гектарға көп, – дейді Қарағанды облыстық Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Асқар Санаубаров.

Биыл көкөністер алқаптарының көлемі де артпақ. Көкөністерді жалпы көлемі 2,6 мың гектарға егу көзделіп отыр. Оның 1560 гектарын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері салса, жекеменшік шаруашылықтарда 1,1 гектар жерде салынбақ.

– Тұқымдармен мәселе туындамайды. Бірінші репродукция тұқымдықтарын қолдануды арттыруды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, минералды тыңайтқыштарды пайдалуға баса назар аударамыз. Бұл жерді ұтымды пайдалануда және өнімділікті арттыруда маңызды, – деді Асқар Санаубаров.

Қарағанды облысында көктемгі егіс жұмыстары мамырда басталады. 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы