Ветеринарларға арналған тренинг: егер жануарларда күл ауруы анықталса не шара қолдану қажет?

Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (бұдан әрі – ДЖДҰ) арасындағы Келісім шеңбері аясында және АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетімен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес Жетісу облысында қой мен ешкі арасында күл ауруын жою бойынша симуляциялық жаттығулар ұйымдастырылған. Симуляциялық тренингке Ветеринариялық қызметтің 60 қызметкері қатысты. Бұл туралы «АгроИнфо» АА ҚР АШМ баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.

Сурет: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Тренингке ғылыми-зерттеу институттарының, Жетісу, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының аумақтық инспекцияларының, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарының, жергілікті атқарушы органның, Төтенше жағдайлар органдарының, Ішкі істер органдарының, Қаратал ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері қатысты және де 6 бірлік арнайы автокөлік жұмылдырылды.

Аңыз бойынша, Жетісу облысы Қаратал ауданының аумағында ұсақ малдың өлімі орын алған, өлген қойдың патологиялық материалына зерттеу жүргізу кезінде күл ауруының вирусы анықталған.

Оқу-жаттығу барысында атқарушы қызметтердің ведомствоаралық өзара іс-қимылының, диагностикалық зерттеулердің, ақпараттандырудың, оқшаулаудың, ошақты жоюдың, жұқпалы аурудың алдын алудың ұйымдастырушылық мәселелері, облыстық және аудандық ветеринариялық қызмет бөлімшелерінің төтенше жағдай салдарын жоюға қатысты дайындығын тексеру бойынша пысықтау жұмыстары жүргізілді.

Сурет: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Қатысушылар далалық жұмыс барысында саламатсыз пункттің шекараларын белгілеу, ауру ошағын жою іс-шараларын жүргізу, сондай-ақ тәуекел аймағында алдын алу іс-шараларын жүргізу бойынша дағдыларын көрсетті.

Сонымен қатар, ветеринарлық қызметкерлері дезинфекциялау үшін заманауи құрылғыларды, сондай-ақ заманауи жеке қорғаныс құралдарын пайдалану дағдыларын алды.

Нәтижесінде ветеринариялық қызметтің ДЖДҰ ұсынымдарына сәйкес шешек ошағы пайда болған жағдайда жедел ден қою жөніндегі жұмысқа дайындығы расталды. Комитет төрағасының орынбасары Байжанов Қайыржан атап өткендей, ветеринарлық қызмет жұмысының тиімділігі – үйлесімді іс-қимылдар, эпизоотиялық жағдайды мұқият бақылау және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу маңыздылыққа ие екендігін атап өтті.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы