Ақтөбеде ірі қарадан ауру шығып, тексеру басталды

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Тереңсай ауылында 5-6 бас ірі қарадан ауру шығып, Астанадан келген мамандар сілекей, қан сынамасын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: freeimages.com

Ірі қараның аузынан сілекей ағып, жем-шөптен бас тартқан. Шаруалар дабыл қаққан соң ветеринарлар ірі қарадан бірнеше сынама алды.

«Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынға Астана қаласының мамандары келіп, ауырып тұрған ірі қарадан патологиялық сынамалар (сілекей, қан) алып, зерттеуге жіберді. Жалпы былтыр аусылға қарсы 1 665 271 доза вакцина алынып, таратылды. Бұл өңірдегі барлық малға жетуі тиіс. Ендігі сұрақ, шынымен де бар малға вакцина салынды ма? Ауырған малға уақытылы вакцина берілді ме? Қазір қызметтік тексеру жүріп жатыр», – деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай.

Оның айтуынша, ветеринар мамандар ауылдық округтегі аулаларды аралап, тексеру жүргізіп жатыр. Бірақ аусыл ауруына клиникалық белгілер анықталмаған.

«Жалпы Әйтеке би ауданында эпизоотиялық жағдай тұрақты. Мүйізді ірі қарада өлім-жітім тіркелмеген. Бұзау өлген дерек бар. Бірақ ол бұл жағдайдан бұрын болған әрі мал иесі ешкімге хабар берген. Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы сынама нәтижиесін шығарған соң қосымша мәлімет беріледі», – деді Құсайын Сәрсембай.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы