Украинадан тауық етін импорттауға тыйым салынды

Украинаның Винница облысында құс тұмауы тіркелді. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.

Иллюстративное фото: из открытых источников

Еліміздің ауыл шаруашылығына жауапты ведомствосы құс тұмауына байланысты Украинаның Винница облысынан құс және құс өнімдерін алып келуге тыйым салынғанын хабарлады.

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті уақытша шектеуді 2020 жылғы 27 қаңтарда Халықаралық Эпизоотиялық бюросының Украинаның Винница облысында құс тұмауының жоғары патогенді вирусын тіркеуінің негізінде енгізді»,– делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Украина Республикасының Винницк облысы аумағы арқылы жылулық өңдеуден өтпеген (кемінде 70°С) тірі құстың, инкубациялық жұмыртқаның, мамықтың және қауырсынның, құс етінің және құс шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерінің транзитіне уақытша шектеу қойылған. Сонымен қатар, құстарды күтіп-ұстауға, союға және бөлшектеуге арналған бұрын қолданыста болған жабдықтарды пайдалануға тыйым салынды.

Айта кетсек, Ресей мен Беларусь елдері де құс тұмауының шығуына байланысты уақытша шектеулер енгізді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы