Терең өңдеуге талпыныс бар

Жеміс-жидекке, көкөніске, «ақ алтынға» берекелі Оңтүстік Қазақстан облысы өнімді өңдеуге басымдық бермек. Нарыққа шикізаттан гөрі дайын тауарды шығару тиімді екен­дігі даусыз. Табыстың кілтін табуға соны өндіріс ошақтары септігін тигізбек.

Тоқыма өнеркәсібіне қан жүгіртіледі

1_Apples«Ақ алтынды» терең өңдеу­ге бет бұрған кәсіпорындардың қатары көбеюі кәдік. Мақтаны өңдеудің толық кластерлік жүйе­сін «Оңтүстік» арнайы экономи­калық аймағында оң жолға қою діттелген. Шикізат түрінде өткі­зуден гөрі дайын өнім ретін­де саудалауға басымдық беріл­мек. Ресми деректерді тергіште­сек, күнгейде жиналатын шитті мақтаның бар-жоғы 35 пайызы ғана жергілікті тоқыма фабри­каларында өңделеді. Ал дені ел шекарасынан асып, өзге мем­лекеттерге тасымалданады. Тек сыртқа жол тартқан «ақ алтын» бағасы бірнеше мәрте еселенген киім түрінде елімізге оралады. Оның тиімсіздігін жергілікті атқа­мінерлер де мойындап отыр.

– Ендігі мақсат – 2020 жылға дейін шитті мақтаның 90 пайызын өзіміздің облыста өңдеуді қамтамасыз ету. Сонымен қатар, шитті мақта көлемін 54 пайызға, яғни 420 мың тоннаға жеткізуді жоспар­лап отырмыз, – дейді ОҚО әкі­мі Бейбіт Атамқұлов.

Сыртқа жалтақтамай, тоқыма саласындағы жергілікті кәсіпо­рындарды шикізатпен тұрақты түрде қамтамасыз ету қамшыла­нады. Бұл бағытта мақтаның жаңа сұрыптарын өсіру, оның алқаптарын ұлғайту жұмыстары мықтап қаперге алынбақ. Биылғы межеленген жоспар – оның бір айғағы. Егер өткен жылы өңірде мақта 99 мың гек­тарға егілсе, биыл оның көлемі 100,6 мың гектарға жеткен. Оның 80 пайызы Мақтарал ауданының еншісіне тиесілі. «Береке-Мақта» ауылшаруашылық тұтыну коопе­ративі де науқанға қызу кіріскен. Кәсіптен нәсіп табу үшін 675 ұсақ шаруа қожалығы бірігіп, күш-жі­герлерін жұмылдырды. Коопера­тив мүшелері кажетті техникамен қамданып, тұқымның бір бөлігін Түркиядан дорбалаған. «Көлемі 6832 гектарды құрайтын алқапқа мақта мен бақша дақылдарын, жүгері мен көкөністерді егу жоспарлануда. Негізінен шару­ашылықтағы барлық өнімдер әрдайым үлкен сұранысқа ие», – деп мәселенің мәнісін төрағасы Мұрат Құрбанов тергіштеді.

«Ақ алтынды» өсірудің машақаты көп. Танап басындағы күйбең тірлік көбіне қол еңбе­гіне артылатыны мәшһүр. Десек те диқандар мақтаның береке­лігін 40-45 центнерге дейін арт­тырып, жалпы өнім көлемін 300-400 мың тоннаға жеткізуді діт­теп отыр. Бірақ екі аяққа тұсау салатын түйіткілдер де аз емес. Өңір жетекшісінің сөзіне сүйен­сек, топырақтың мелиоративтік жағдайы, мақта шаруашылығын­дағы егіс көлемінің ұсақтылығы, ауыспалы егістің сақталмауы, су жүйелерінің тозуы, ағын судың жетіспеушілігі, жоғары сұрыпты тұқымдармен қамтамасыз ету баса назар аударуды талап етеді.

Отандық алма көбейтіледі

Күнгейдегі тұрғындардың дені ауылдық жерлерде түтін түтетіп отыр. Сәйкесінше қолы­на еңбек құралдарын алып, жерден ризығын тапқандар­дың қарасы қалың. Бүгінде құрал-саймандарын сайлаған оңтүстікқазақстандық диқан­дар танап басында тер төгу­де. Биыл өңірдегі егіс алқа­бы 4 700 га ұлғайып, көрсеткіш 780,5 мыңды құрады. Жергілікті шаруалардың бүйрегі мақтамен қатар жаздық бидайға да бұра­тын көрінеді. Қыл аяғы соңғысы межеленген 41,2 мың гектардың орнына 44,3 мың га аумаққа сіңірілген. Мал азығы дақыл­дары жоңышқа мен сафлор­дың алқаптары да ұлғайтылды. Алғашқысы 46 мың гектарға жайғасса, екіншісі 70 мыңнан астам га себу жоспарланған.

– 773 мың гектар егіс көлемі­нің ішінде суармалы жерлердің аумағы 440 мың гектарға жетті. Облыс бойынша өткен жылы 115 гектар жерге жылыжай салынып, жалпы жылыжайлардың жалпы ауданы 1 025 гектарға жетті. Осы орайда республикадағы жылы­жайлардың 87 пайызы ОҚО үле­сінде екенін атап өткен жөн, – дейді аймақ жетекшісі.

Күнгейде 136 га аумақты қам­титын алып жылыжай кешені бой көтермек. Олар индустриал­ды аумақтар іспетті салынады деп күтілуде. Жоба өмірге жол­дама алса, жылына 40 мың тон­на көкөніс нарыққа жол тартпақ.

Жеміс пен көкөніске береке­лі өңір одан таршылық көрмей­тіні хақ. Жергілікті тұрғындардың сұранысы толық қамтамасыз еті­ліп, артылғаны өзге аймақтарға жол тартады. Сұраныс еселе­не түскен. Табиғаттың оң қабақ танытып, өнімге қарық қылуын жергілікті шенділер де мықтап кәдеге жаратуға бекінген. Ол үшін алып инвестициялық жобаға жан бітірмек. Қағаздағы меже өмірге жолдама алса, Қазығұрт ауданында өнеркәсіптік бақтың қазығы қаланады. 2 мыңнан астам аумақта жаңғақ пен алма көшет­тері жайқалады. Тиісті техноло­гия сақталса, өнімнің берекелігі де көңілді күпті етпейді. Жоспар бойынша 2017 жылы 600 тонна­дан астам жаңғақ жиналса, 2020 жылға қарай көрсеткіш 4 мыңды еңсеретініне үміт артылған. «Қарқынды бақтар» аграрлық белдеуі жобасының бағы жанса, отандық өнімнің дәмін шетелдік­тер де татып көрмек.

Бүгінде өңірдегі алма бақтарының аумағы 4 мың га асып жығылады. Түлкібас ауданын жемістің отанына айнал­дыру діттеліп отыр. Өткен жылы онда алманың көшеттері 725 га аумаққа отырғызылған. Биыл оның көлемі 900 га ұлғайтылады деп күтілуде. Бұйырған өнімді өңдеуге де бетбұрыс байқалып отыр. Шырын шығаратын зауыт­тар өмірге жолдама алады деп жоспарланған.

Венера Мұстафина

10.05.2016 ж. жауап

Также читайте:

Субсидии – заготовителям

Безвирусные яблоки из Сербии выращивают в Жамбылской области

На шымкентских рынках покупатели не видят местных ягод и фруктов

В Атырауской области на солончаках вырастили яблоневый сад

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы