Су тасқынынан зардап шеккендердің салық төлемдері қалай шегеріледі

Мемлекеттік кірістер комитеті салықты шегеру тәртібін әзірледі.

Фото: ©jarmoluk / pixabay.com

Ашық НҚА порталында Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендердің салық төлемдерін кейінге шегеруді көздейтін Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы бұйрығының жобасы жарияланды, дем хабарлайды Informburo.kz.

Оған сәйкес, 1 наурыз бен 1 шілде аралығында орындалмаған салық міндеттемелеріне өсімпұл есептелмейді. 

Сондай-ақ: 

  • төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, барлық салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша төлеу мерзімін 2024 жылғы 1 шілдеге дейін кейінге қалдырылады;
  • 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын салық есептілігін тапсыру мерзімдері 2024 жылғы 1 шілдеге ауыстырылады;
  • мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау 2024 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатылады;
  • орындау мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылады. 

Оқи отырыңыз: Қырғызстанда бүгін “Қазақстанға 112 сағат қолдау” марафоны басталады

Құжат жобасы 29 сәуірге дейін жария талқыға ұсынылған. 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы