СҚО-да 79 ауылды су басуы мүмкін

Биылғы қыс Солтүстік Қазақстан жұртына оңай соқпады. Көктем келсе де, ақтүтек боран басылар емес, деп хабарлайды «Хабар 24». Қалың түскен қар күрт ерісе, су тасқыны болуы ықтимал. Синоптиктер мен Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары осылай деп дабыл қағып отыр. Өңірде 79 ауыл қазір қатаң бақылауға алынды.

Сурет: «Хабар 24» телеарнасы

Самат Қайырденұлы, тілші:

– «Қазгидромет» мекемесінің мамандары әр он күн сайын Есіл өзеніне келіп мұздың қалыңдығын өлшеп, ағыстың жылдамдығын анықтайды. Бұл шарулар күн жылынып, мұздың көбесі сөгілгенше жүргізіледі. Нәтижесінде тасқынға байланысты нақты болжам жасалынады.

Бұл – Петропавл қаласы маңы. Ал өзге аудандарда ол бір метрге дейін жетеді. Оның соншалықты қалыңдауына қатты аяз себеп болды.

Жердің беті облыс бойынша бір жарым метрге дейін қатқан. Ал Есіл өзеніндегі мұздың қалыңдығы 90 сантиметрден асады. Оның үстіне соңғы аптада түскен қар қалың. Сондықтан қар бірден еритін болса, тасқыннан қауіп бар.

Қазір облыста 19 гидрологиялық бекет бар. Оның біреуі тораңғұл көлінде болса, қалғандары Есіл өзінінің бойында орналасқан.

Дәурен Қошығұлов, «Қазгидромет» РММ СҚОФ бөлім басшысы:

– Бүгінгі күні «Сергеев» су қоймасына жиналған судың мөлшері қалыпты деңгейден 50-60%-ке көп. Өзен-көлдерден бөлек, мамандар алқаптардағы қардың тығыздығын өлшеп жатыр. Енді барлығы көктемге байланысты болады. Егер күн күрт жылыса, жағдай қиындауы мүмкін.

Тасқынға тосқын шараларын күшейту үшін Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өңірде 79 елді мекенді бақылауға алды. Бұл ауылдарда алты мыңға жуық адам тұрады.

Иван Онищенко, облыстық ТЖД бас маманы:

– Өңірде 484 адамнан арнайы жасақ құралды. Бұдан бөлек, 150-ден астам техника жасақталды. Бұл топтар ертең су басқан ауылдарға жіберіледі. Жалпы жағдай Айыртау, Ғабит Мүсірепов және Қызылжар аудандарында қиын.

Құтқарушылар сәтін салса, 1-2 күнде өңірдегі өзен көлдерде мұз жару жұмыстарын бастайды. Себебі қамданған қапы қалмайды.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы