Солтүстікте тағы да құс тұмауы анықталды
22.06.2021
1 383
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында жабайы үйректерден құс тұмауы расталды.
Ветеринарлар талдау жасау мен құстың қырылу себебін анықтау үшін биологиялық материалды жинаған. Бұл туралы Ветеринария басқармасы хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген зерттеудің хаттамасына сәйкес, өлген үйректерде құс тұмауы анықталды.
Ауданда үй құстарының құс тұмауын жұқтыру дерегі тіркелмеді.
Дереккөзі: Aikyn.kz