Құсы өлген шаруаларға үкімет өтемақы береді. Ол қаржыны қалай алуға болады?

Соңғы айда құс тұмауы қатты өршіді

Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Елімізде соңғы айларда құс тұмауы қатты өршіп, бірнеше өңірде құстар жаппай қырылды. Бұл өз кезегінде нарыққа, өндіріске және ет, жұмыртқа бағасына да елеулі әсерін тигізген. Бұл туралы «Курсив» сайты хабарлады.

Әсіресе, солтүстік өңірлерде 100 мыңнан астам қаз, үйрек пен тауық қырылып, 7 облыстың 78 елдімекенінде карантин жарияланған. Тіпті бірқатар сарапшылар онсыз да күні импортқа қарап отырған құс еті шаруашылығы біржола тұралап қалуы ықтимал деп те қаупін ашық білдірген болатын. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық, фитосанитарлық және азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Гүлжан Нұртазинаның айтуынша, елдегі 64 құс фабрикасының тек екеуінде ғана құс тұмауы мен құс өлімі тіркелген. Ал олардың жұмыртқа өндірісінің жалпы көлеміне қосқан үлесі шамамен 5 пайыз төңірегінде ғана екен. Бұл орайда спикер келген залалды Ресей көрсеткішімен салыстырыпты. Көрші елдегі шығын 1,5 млн құс басын құраса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 2,5 есеге аз көрінеді. 

«Біз құс саны туралы айтып отырмыз, жұмыртқа өнімдері есепке алынбайды. Бұл жұмыртқа өнімдеріне қалай әсер етеді деген сұрақ қойылды. Тұрақтандыру қорларының мәліметі бойынша 1 айлық құс шаруашылығы өнімінің қоры бар. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан баға белгілеудің шекті рұқсат етілген көлеміне бақылау жүргізілуде. Сондықтан, бұл тұрғыдан алып қарағанда бізде Ресейдегіден шығын аз», – деді сарапшы.

Осыған дейін жылына 120 млн жұмыртқа шығаратын және 220 тұрақты жұмыс орны бар «Агроинтерптица» ЖШС құс фабрикасы белгісіз мерзімге жұмысын тоқтатқаны туралы мәлімет тараған.

Кәсіпорынның құрылтайшысы және инвесторы Александр Лоренц «Біз бірде-бір алып тастау актісін де, жою актісін де алған жоқпыз. Біздің фабрикада ашық ауада әлі де 70 мыңға жуық құс жатыр. Қазір жай ғана құстарды жоюға бар күшімізбен көмектесіп жатырмыз, бірақ мемлекеттік органдарсыз жоюды өз бетінше жүргізуге құқығымыз жоқ» деген еді.

Ал ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолдановтың сөзінше, Арқалықтағы 256 мыңнан астам құс індеттен емес, желдетудің болмауынан қырылған. 

«Агроинтерптица» құс фабрикасына жүргізілген зерттеу осындай нәтиже шығарыпты. Яғни, қырылған тауықтар үшін өтемақы қарастырылмайды.  Құс фабрикаларындағы құс өлімі толығымен тоқтады. «Бескөл құс фабрикасы» ЖШС-да бір айда құс тұмауынан 184 621 құс қырылды. Барлық залал үшін өтемақы беріледі. «Агроинтерптица» ЖШС-да 391 мыңнан астам бас өлді. Оның ішінде желдетудің болмауы салдарынан асфиксиядан 256 040 құс қырылды, олар өтемақы алу нұсқасына кірмейді. Құс тұмауынан 135 384 бас құс қырылды. Тағы 41 642 бас тәркіленіп, жойылды. Осылайша, екі құс фабрикасына 361 647 бас құс үшін өтемақы беріледі»,- деді Т.Қабдолданов.

Министрлік өкілінің айтуынша, өлген құстардың иелеріне төленген өтемақы көлемі 9 млн теңгеге жуықтайды екен. 

«Министрлік 7 қазанда облыс әкімдіктеріне құс тұмауынан өлген құстардың орташа нарықтық құнын өтеу үшін ЖҚШ иелеріне көмек көрсету қажеттілігі туралы хат жолдады. 11 қазандағы жағдай бойынша 2 585 құс басына арналған құжаттар дайындалды, өтеудің жалпы сомасы 8 878 364 теңгені құрайды»,- деді АШМ өкілі. 

Жалпы, қазіргі уақытта барлығы 45 110 бас құс өтемақы алуға жатады екен. Құс фабрикаларында құстардың өлімі толығымен тоқтаған. Екі кәсіпорын – «Бескөл құс фабрикасы» ЖШС және «Агроинтерптица» 361 647 бас өлген құстың құнын өтейді. Сонымен қатар, Арқалық құс фабрикасы өлген малдың үштен бір бөлігін ғана өтейді, өйткені құстардың көпшілігі тұншығып қалған. Қабдолданов Қазақстанда 64 құс фабрикасы жұмыс істейтінін және олардың тек екеуінде ғана құс тұмауы салдарынан өлім болғанын атап өтті.

«Құс фабрикаларында тексеру жүргізу кезінде олардың иелері ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтамағаны анықталды. Атап айтқанда, құс фабрикаларының аумағында жем-шөпке еркін қол жеткізе алатын жабайы және қоныс аударатын құстар табылды»,- деді ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің басшысы.

Қабдолданов еске салып өткендей, қыркүйек айының ортасынан бастап бірқатар өңірде карантин енгізіліп, Ақтөбе және Түркістан облыстарында, Шымкентте, сондай-ақ Ақмола облысының үш ауданында, Жамбыл облысының екі ауданында, Қызылорда облысының бір ауданында және СҚО-ның екі ауданында құс тұмауы расталмаған. 

«Қыркүйек айының ортасынан бастап жеке қосалқы шаруашылықтарда жоғары патогенді құс тұмауын жұқтырудың салдарынан 25 мыңға жуық құс өлімі тіркелді. Сонымен қатар, инфекция ошақтарынан 20 177 бас құс тәркіленді. Осылайша, қазіргі уақытта барлығы жеке қосалқы шаруашылықтағы 45 110 бас құсқа, оның ішінде 27 393 бас тауық, 777 күркетауық, 10 141 қаз, 6 799 бас үйрек үшін өтемақы беріледі»,- деді спикер. 

Қазақстанда жоғарғы потагенді құс тұмауының одан әрі таралуына қарсы тиімді шаралардың бірі – зардап шеккен аймақтарда және жабайы құстардың ұшу бағыты бойынша құстарды жедел әрі жаппай вакцинациялау болды. 2020 жылғы жоспар бойынша ақпан айында құс тұмауына қарсы вакциналауға шамамен 3,4 млн доза бөлінді. Қыркүйек айында СҚО-да құстардың жаппай қырылуы басталған кезде індет табылған ошақтарды оқшаулау үшін қосымша 2,3 млн доза, содан кейін тағы 2 млн доза бөлінген болатын.

Осылайша, мәжбүрлі вакцинациялау аясында еліміздің 3 261 елді мекенінде 2,8 млн астам құс басы құс тұмауына қарсы егілді. Бүгінде вакцинациялау Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында толығымен аяқталған.

Сондай-ақ, Қабдолданов әлемдегі құс тұмауы бойынша эпидемиологиялық жағдай шиеленісе түскенін, 2020 жылдың қыркүйегінде әлемнің 26 елінде жоғары патогенді құс тұмауы анықталғанын айтты. Мысалы, көрші Ресей Федерациясында бүгінде жеке қосалқы шаруашылықтарда және бір құс фабрикасында 1,5 миллионнан астам құстың қырылуы тіркелген.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы