Солтүстік Қазақстан облысы 4 миллион гектар жерге егін егу жоспарланған

Маңызды науқанды бастамас бұрын жергілікті аграрийлер бас қосып, ортақ мәселелерді пысықтады.

Дәнді және майлы дақылдардан бөлек, бұршақ тұқымдастар соңғы 3 жылда 5 есе көбейген. Теріскейліктер әлі де бидайға басымдық беруде, үлесі шамамен 70 пайызды құрайды. Атқамінерлердің айтуынша, аймақ диқандары тұқым қорымен толық қамтылған. Қоймада сақталған 490 мың тонна тұқымның 90 пайызы – бірінші және екінші сұрыпты дәндер.

posevnaya-4933232

Былтыр аймақ диқандары 5 миллион тоннадай астық жинап, рекордты көрсеткішке қол жеткізді. Дәнді және майлы дақылдарды, ұн өнімдерін экспорттаудан 300 миллион доллар пайда түскен.

Айдарбек Сапаров, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары:
– Көктемгі дала жұмыстарының сәтті өтуі техника паркінің дайындығына тікелей байланысты. Биылғы егістік науқанына 13538 трактор, 15931 бидай сепкіш техника және 1170 жоғары өнімді кешендер қатыспақ. Бұл кешендер егістік алқаптарының 70 пайызын игереді. Бүгінде өңірде техника 95 пайызға әзір.

Дерек көзі: astanatv.kz

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы