Павлодарда құс тұмауы орын алу қаупі бар

Павлодар өңірінде құс тұмауы орын алу қаупі бар. Бұл туралы BAQ.KZ Павлодар облыстық аумақтық инспекциясына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: isorepublic.com

Аймақта құс тұмауының алдын алу мақсатында биыл 500 мыңға жуық құсқа екпе салынған. 

– Ресей мемлекетімен шекаралас болғандықтан, құс тұмауының келуіне дайын болуымыз керек. Алдын алу шаралары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Биыл жоспарға сәйкес тұмауға қарсы Үкімет тарапынан 500 мыңға жуық екпе салынды. Індеттің алдын алуға байланысты құс фабрикаларымен де жұмыс жасаймыз, – деді инспекция басшысының орынбасары Бәке Тасыбаев. 
 
Күз басталғалы ветеринарлық бақылау бекеттерінде 3827 автокөлік тексеріліп, 64 бұзушылық анықталыпты. Ветеринарлық-бақылау бекеттері арқылы 36 мың тонна жануарлардан алынатын өнім, 32 млн дана тауық жұмыртқасы, 28,5 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары өткен.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы