Отандық кәсіпкерлерге қолдау күшейеді

Осы мақсатта «Ел тірегі» деп аталатын Өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағы құрылды. Оған өнеркәсіп, ауылшаруашылық кешені, білім беру және қызмет көрсету саласында жұмыс істеп жатқан 400-ден астам отандық кәсіпорын мүшелікке қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Фото: ©rawpixel / pixabay.com
Фото: ©rawpixel / pixabay.com

Олар осы одақ арқылы отандық кәсіпкерлердің проблемасын көтермек. Билік пен бизнес арасында ынтымақтастықты арттырып, жергілікті өндірістің дамуына серпін бермек. Одақтың ашылу салтанатына келген кәсіпкерлердің айтуынша, соңғы он жылда өнеркәсіп саласының ішкі жалпы өнімдегі үлесі 11 проценттен аспай тұр.

Мұрат Әбенов, «Серпін» ұлттық білім беру және инновация палатасының төрағасы:

– Біз қазір байқаймыз, мемлекеттік органдар тендер жариялайды. Бірақ соның ішіне шетел компанияларының талаптарын қояды. Солардың заттарының өтіп кетуі үшін. Мысалы, дәл сондай зат бізде бар. Екі есе арзан, сапасы жоғары. Бірақ қағазын оқысаң, шетелдің компаниясына келтіріп, атын жазбаса да, соған келтіріп қояды. Және арнайы кедергілер жасайды. Екінші үлкен проблема, шетелдің заттарын жергілікті жерге әкеліп, жергілікті жерде шығарылған деп өтірік құжат жасап, соны алға шығаруға тырысады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы