Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры терминал арқылы төлемдерді енгізді

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қарыздарды өтеудің жаңа әдісін енгізді. Енді Қордың қарыз алушылары «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның терминалдары, банкоматтары және интернет-банкинг жүйесі арқылы несиеге төлем жасай алады, деп «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі.

Электрондық төлемдер біздің өмірімізде қол жетімді және тиімді болып қалыптасқан. Төлем терминалдары мен банкоматтардың «cash-in» функциясы  жұмыс басталғалы бері біз ұялы телефондағы теңгерімді толтыру, коммуналдық қызметтерді төлеу, электронды әмиянға ақша аударуды және т.б. осы жолдар арқылы жүргіземіз.

Фото: ©3dman_eu / pixabay.com
Фото: ©3dman_eu / pixabay.com

Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының клиенттері үшін қарызды өтеу тәртібін жеңілдететін механизмі іске қосылды.

Бақыт Құдасбаева, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

– Республиканың барлық тұрғындары, аймаққа және тұрғылықты жеріне қарамастан, несиені ыңғайлы түрде өтей алады. Біздің компания «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен бірлесе отырып, банк бөлімшелеріндегі терминалдар, банкоматтар және интернет-банкинг арқылы несиелерді өтеуге мүмкіндік беруді қарастырды. Бұл уақытты ғана емес, ақшаны да үнемдеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның бөлімшелері аудан орталықтарының көбісінде жұмыс істейді, оларда 694 банкомат және 94 терминал орнатылған.

Тарифтерді салыстырсақ, банк кассалары арқылы қарызды өтеу үшін комиссия – 250 теңге, ал банкомат немесе терминал арқылы – 70 теңге алынады. Интернет арқылы «Starbanking» жүйесі арқылы төлемдер ақысыз болады, ол үшін банкке өтінім жазып, логин мен парольді алуыңыз қажет.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы