Малайзиялық компаниялар Алматы облысына инвестиция салуға мүдделі

Алматы қаласындағы Алматы облысының Өңірлік даму орталығының алаңында облыс әкімдігінің өкілдері Малайзияның шағын және орта бизнесінің халықаралық сауда қауымдастығының (СМИТА) делегациясымен кездесуі өтті, Agroinfo.kz «Жетісу» ӘКК баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.

Фото: «Жетісу» ӘКК баспасөз қызметі
Фото: «Жетісу» ӘКК баспасөз қызметі

Қазақстандық тараптан Малайзиядағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі Серік Әміров, Алматы облысы Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Руслан Қожасбаев, «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Малыбаев, «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ерғазы Орымбасаров және Алматы облысының Өңірлік даму орталығы директорының орынбасары Шыңғыс Мақашев қатысты.

Малайзиялық делегацияның құрамында СМИТ бас директоры Меган Су және инженерлік, биотехнология, өнеркәсіп және тамақ саласындағы кәсіпорындардың топ-менеджерлері бар.

Екіжақты кездесу Алматы облысының жетістіктеріне арналған We are Zhetysu және «Күнге қарай жүрген Жетісу» атты роликтерді көрсетумен басталды.

Алғаш сөз алған Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Руслан Қожабаев аймақтың инвестициялық әл-ауқаты туралы айтып, табиғи-климаттық, логистикалық мүмкіндіктері кәсіпкерлік саласында түрлі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұдан әрі «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Малыбаев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жұмысының негізгі міндеттеріне тоқталып, іске асырылып жатқан жобалар туралы кеңінен әңгімеледі.

«Біздің корпорация ауыл шаруашылығы, жер қойнауын пайдалану, туризм, жол бойындағы сервис, жасыл энергетика және индустриялық аймақтар саласында кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Біз мемлекет пен бизнес арасындағы байланыстырушы буын болып табыламыз. Алматы облысында 6 индустриялық аймақ бар, оның ішінде Талғар және Іле аудандарындағы аймақтарда көптеген инвестжобалармен толықтырылған. Сондықтан біз жобаларды іске асыру және сүйемелдеу үшін диалог алаңы мен қолдау құралдарын ұсынуға әзірміз», – деді Талғат Малыбаев.

Сонымен бірге, делегация өкілдеріне елімізде жобаларды жүзеге асыру шарттары мен мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді.

Өз кезегінде СМИТА бас директоры Меган Су облыс әкімдігіне жылы лебізін білдіріп, Қазақстанда тартымды инвестициялық жағдай қалыптасқанын атап өтті.

«Бейнероликтерді тамашалап, біз аймақтың мүмкіндіктері мен әлеуетіне таң қалдық. Сіздердің облыстарыңызды Малайзияның басқа да бизнесмендеріне таныстыратын боламыз. Біздің ұйым шағын және орта кәсіпорындармен ынтымақтастық құрып, олардың әлемдік аренаға шығуына ықпал етеді. Кәсіпкерлер үшін сауда миссиялары, халықаралық конференциялар мен білім беру семинарларын ұйымдастырып, оқыту, сараптама және қолдау қызметтерін ұсынады. Алдағы уақытта әріптестігіміз жемісті болады деп үміттенеміз», – деп атап өтті малайзиялық делегацияның басшысы.

Өз кезегінде компания өкілдері жасыл энергетика, агроөнеркәсіп, құс шаруашылығы саласындағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Екі жақты кездесу қорытындысы бойынша Малайзияның шағын және орта бизнесінің халықаралық сауда қауымдастығы мен «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Келісім аясында тараптар Қазақстан мен Малайзия арасында инвестицияларды тартумен және халықаралық іскерлік ынтымақтастықты дамытумен, елдер экономикасы туралы ақпаратпен алмасумен айналысатын болады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Что чаще всего воруют рабочие вашего сельхозпредприятия?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы