Мал шаруашылығына деген ынта «Бастау» арқылы кәсіпке айналды

Өзінің болашақ мамандығын Железин ауданының тұрғыны Смағұл Хаймульдинов кездейсоқ таңдаған жоқ. Уақыты келгенде ауыл тұрғыны мал дәрігер болуды шешкен, деп хабарлайды atameken.kz сайты.

Фото: atameken.kz
Фото: atameken.kz

Училищені аяқтаған соң ол «Железинский» совхозына жұмысқа барады, онда тайыншаларға күтім жасайды. Алайда совхоз жабылған соң дипломы бар маман қысқарып, көп уақыт бойы жұмыссыз болды.

Жанға жақын жұмыспен айналасу дұрыс екенін түсінген Смағұл Хаймульдинов жеке шаруашылықты құра бастады. Бұл жерде де қиындықтар орын алды, өйткені қаржылық тапшылық кәсіпті жолға қоюды тежеді. Сондықтан шаруа бес жыл ішінде ірі қара мал басын үш төлге дейін ғана өсіре алған.

2018 жылы Смағұл Хаймульдинов «Бастау» жобасына келді. Кәсіпкерлік негіздеріне оқып, кейін ірі қара мал сатып алу бойынша жобасын сәтті корғап шықты. Жеке кәсіпкерлікті тіркеді, өзінің бизнес-жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оған оқу кезінде алған білімі мен кеңестер көмекке келді.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы шаруа 2 млн теңге көлемінде несие алды. Осы қаражатқа «Бастау» жобасының түлегі сүтті-етті бағытында ірі қара мал, қазақ ақбас тұқымынан асыл тұқымды бұқа сатып алды. Енді шаруа асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағдарламасына қатыспақ.

2019 жылы бастауыш кәсіпкер сатып алынған малдан төл алды. Смағұл Хаймульдинов жұбайы екеуі сиыр сауып, сүт, қаймақ, кілегей, май, қоспа сатады. Хаймульдиновтар отбасы өндіретін сүт өнімдері жақсы сұраныста.

«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері көмегінсіз осындай қадамға бармас едім. Несиені алу процесінде көп сұрақтар туды, сол сұрақтың бәріне жауапты Палата мамандарынан алдым. Кәсіп бастағысы келетіндерге Палатаға келіп, кеңес алуды ұсынамын», – дейді кәсіпкер.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Что чаще всего воруют рабочие вашего сельхозпредприятия?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы