Қазақстанда тұқым өндіретін екі ғылыми орталық салынады

Қазақстанда жүгері, соя және арпаның сапалы тұқымдары тапшы. Бұл туралы KazSeed кәсіпорнының бас директоры Алмас Тәтішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмас Тәтішевтің айтуынша, осы мәселені шешу үшін 2019 жылы екі ғылыми орталықтың құрылысы басталады. Олар 2020 жылы пайдалануға беріледі.

Фото: freeimages.com
Фото: freeimages.com

«Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігінде тұқым өндіруге арналған екі ғылыми орталық ашу жоспарланған. Ғылыми орталықтарда еліміздің әр өңіріне бейімделген тұқымдар шығарылады. Өйткені әр жердің топырағы мен микрофлорасы, бунақденелілері де, суы да әртүрлі болады», – деді ол.

Кәсіпорын басшысының сөзінше, өндірілген тұқымның 10% ғылыми орталықтардың өз қажеттілігіне қалдырылып, 90% Қазақстанда, сондай-ақ Еуропа, Азия елдерінде сатылады.

Бұдан тыс, ол америкалықтармен бірлесе салынатын құрамында ГМО жоқ жүгері және соя тұқымдарын өндіретін зауыттың құрылысы туралы айтты.

«Біз тұқым өндіру саласына америкалықтардың тәжірибесін енгізіп жатырмыз. Біріккен кәсіпорын салып, технология және тәжірибе алмасамыз. Зауыт жылына 25 мың тонна тұқым беретін өндіріс қуатына ие болады. Бұл, Қазақстан фермерлеріне 1 млн гектарға тұқым себу мүмкіндігін береді», – Алмас Тәтішев.

Оның айтуынша, тұқымға ГМО қоспау мүмкіндігі қарапайым селекция әдісінің арқасында мүмкін болған.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы