Қазақстанда қымыз өндірісі бір жылда 46% өсті

Сүт өндірушілер 240,2 млрд теңгеге тауар шығарды. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 14% көп, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір жыл ішінде елде май мен кілегей өндірісі +1,5%, ірімшік пен сүзбе +2% өсті. Мұнымен қатар, қымыз өндірісінің көлемі күрт ұлғайған – 46,3%. Ал алдыңғы жылмен салыстырғанда керісінше сүт өндірісі төмендеген – 3,6%.

ҚР сүт өндірісінің салалары дамып жатыр. Мысалы, Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында Қазақстандағы бірінші шұбат зауыты ашылды. Жалпы шұбаттан бастап, ірімшікке дейін 40 түрлі тағам мен сусын әзірлейді. Кәсіпорынды ашу үшін иесі 600 млн теңге жұмсаған.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы