Қарағанды облысында жаңа құс фабрикасы іске қосылды

Қарағанды облысы Нұра ауданының Ахмет ауылында «Құғабаев Н. С.» шаруа қожалығы құс фабрикасын іске қосты. 10 мың тауыққа арналған кешен жылына 100 тонна ет және 350-400 мың жұмыртқа өндіретіні жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Иллюстративное фото: из открытых источников

Жобаны жүзеге асыруға кәсіпкерлер 20 млн теңге қаржы салды. Дайындық жұмыстары барысында ауданы 1 300 шаршы метр бос ғимарат қалпына келтірілді. Қуаттылығы әртүрлі отандық және шетелдік өндірістің 36 инкубациялық жабдығы, балапандарды өсіруге арналған 80 брудер, құстарды ұстауға арналған 50-ден астам тор және өнімділігі сағатына 150 бас модульдік құс фабрикасы сатып алынды.

Қазіргі уақытта құс қорасында кобб-500 ет тұқымды 900 балапан бар. Олар 50-60 күн өсіріледі. Мұнда сондай-ақ, манжурлік бөдене өсіріледі. Олардың саны 2,5 мыңға жетті. Сонымен қатар, брама, амрокс, кучинская және хайсекс сияқты тауықтардың тұқымдары бар. Кобб-500-ді қоспағанда, барлық тауық түрлері жұмыртқа өндіру және өсіру үшін бапталады.

Жоба аясында жаңа жұмыс орындары құрылды. Құс шаруашылығы кешені толығымен автоматтандырылғанына қарамастан, өндіріске жергілікті сегіз тұрғын тартылған. Тағы үш бос жұмыс орны бар.

Айта кету керек, бұл шаруашылық елордадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетімен ынтымақтасады. ЖОО тауықтарды күту, тұқымдар, жем және ветеринария саласындағы селекция бойынша консультативтік және түсіндірме көмек көрсетеді.

Жоба экологиялық таза өнім алуға бағытталғандықтан, барлық талаптар орындалуда.

Болашақта өнімді Нұра ауданы, Қарағанды және Нұр-Сұлтан базарларына шығару жоспарлануда.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Что чаще всего воруют рабочие вашего сельхозпредприятия?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы