Қарағанды облысында көктемгі егіс жұмыстары жөніндегі штаб құрылды
Қарағанды облысында егіс науқаны қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биылғы жылы 1,2 миллион гектар алқапқа өнім өсіру жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 50 мың гектарға артық. Дәнді дақыл 900 мың гектарды құрайтын болады. ТЖ режимі фермерлердің маусымдық жұмысына кедергі келтірмеуі тиіс. Барлық туындаған мәселелерді жедел шешу үшін көктемгі егіс жұмыстары жөніндегі облыстық штаб құрылды. Бұл туралы брифингте облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров хабарлады.
– Маған бұл штабты басқару тапсырылды. Оған ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Қазақстан фермерлер одағы филиалының басшысы, әр ауданнан – әкімнің орынбасарлары, сондай-ақ қаржы институттарының өкілдері кірді, – деді Серік Шайдаров.
Оның айтуынша, өсімдік өсірушілер жоғары дәрежелі тұқымдармен қамтамасыз етілген. Бүгінде техниканың дайындығы 98%-ды құрайды, деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары. Егіс алқабына 12 мың трактор, 193 егіс кешені, 6 мыңнан астам тұқым сепкіш шығады.
– Осындай көлемдегі техника егіс алқабын оңтайлы мерзімде аяқтауға мүмкіндік береді. Карантин санитарлық талаптарға және денсаулық жағдайына байланысты өз шектеулерін енгізді. Процестерді барынша оңтайландыру және «бір фермер – бір машина – бір адам» схемасы бойынша жұмыс жасау қажет, – деді Серік Шайдаров.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 19 мың тонна арзандатылған отын жеткізіледі, деп хабарлады ол. Аграрлық несие корпорациясы арқылы егіс жұмыстарына жылдық 5%-бен 2,5 млрд теңге бөлінді. Осы соманың 2,2 млрд теңгесі игерілді. Фермерлер «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қолдау құралдарын пайдалана алады.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу жөніндегі штабтың Call-орталығы:
8 (7212) 560-999, 301-041, 565-948.
Штаб төрағасы – Шайдаров Серік Жаманқұлұлы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары – 8 (7212) 50-15-21.
Штаб төрағасының орынбасары – Апақашов Сағынжан Апақашұлы, Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы – 8 (7212) 56-58-40.
Штаб хатшысы – Әміралин Серік Қабылұлы, Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы – 8-701-463-45-74.
Штаб мүшелері:
Жабяк Игорь Васильевич, «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ Қарағанды филиалының төрағасы – 8-702-177-14-77;
Баймұқаш Бауыржан Серікұлы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры – 8-701-888-76-71;
Тоғызбаев Данияр Әбдәкімұлы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры – 8-701-539-67-05;
Бейсенов Марат Кәмелұлы, ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы басшысының м. а. – 8-702-818-81-70;
Мусин Саят Қабиденұлы, Абай ауданы әкімінің орынбасары – 8-771-617-77-00;
Жаңабергенов Нұрланбек Көмірбайұлы, Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы – 8-747-627-14-73;
Дардаков Арман Шалиұлы, Бұқар Жырау ауданы әкімінің орынбасары – 8-701-538-05-17;
Төлеуов Ғазиз Әбірханұлы, Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары – 8-701-538-92-78;
Тоқмурзин Берік Мұхатайұлы, Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары – 8-701-535-79-55;
Оспанов Уәлихан Тілеуханұлы, Нұра ауданы әкімінің орынбасары – 8-701-418-90-28;
Нұрмұханбетов Руслан Есенбекұлы, Осакаров ауданы әкімінің орынбасары – 8-701-144-76-18;
Оспанов Мақсұт Сәрсенбайұлы, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары – 8-705-255-00-81;
Жұмкин Мақсат Боранбайұлы, Шет ауданы әкімінің орынбасары – 8-702-191-31-70.