Бизнес пен өндірістің тапсырысы бойынша ғылыми зерттеулер
Назарбаев Университетінің «Таза көмір технологиялары» зертханасында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның тапсырысы бойынша күлі көп көмірді жағуға арналған айналмалы қайнау қабаты (АҚҚ) және қайнау қабаты (ҚҚ) эксперименталды қондырғысы әзірленіп, іске қосылды, деп «Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі.
Жобаның бірегейлігі – көмірді АҚҚ-ҚҚ қондырғыларында жағу технологиясы Қазақстанда бұрын қолданылмағандығы, және оның табысты іске асырылуы, күлі көп (50% және одан да жоғары) көмірді жағу және көмірді байыту қалдықтарын жою үшін ҚҚ және АҚҚ қазандықтары бар ЖЭС құрылысын бастауға қатысты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Қондырғы іске қосылысымен Екібастұз кен орнының №3 қабатының күлі көп көмірді жағуға арналған қазандық агрегаттарының от жағатын құрылғыларының технологиясын әзірлеу жөніндегі «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ мен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның бірлескен жобасының бірінші кезеңі аяқталды. Жобаның екінші және үшінші кезеңдері әзірленген қондырғыда эксперименттер өткізуге бағытталған. Бүкіл бағдарламаны іске асыру кезеңі 2018-2020 жылдарға есептелген.
Бұл ғылыми-зерттеу жұмыстары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның өз құрамына кіретін компаниялар мен өндіріс орындарында зерттеу лабораторияларын құру және тіркелген патенттер мен коммерцияландырылған әзірлемелердегі олардың үлесін қамтамасыз ету жөніндегі іс шаралар шеңберінде өткізілуде. Естеріңізге сала кетейік, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту туралы тиісті тапсырмаларды Мемлекет басшысы 2014 жылғы қазанда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның трансформациялау бағдарламасын іске қосуға арналған форумда берген болатын.
«Самұрық-Энерго» сарапшыларының айтуынша, Екібастұз кен орнының 3-қабатында орташа жылу шығару қабілетті 3600 ккал/кг болатын күлі көп көмірдің айтарлықтай қоры барын және келешекте көмір байыту қалдықтарының қосымша көлемі пайда болатынын ескере отырып, күлі көп көмірді және құнарсызданған көмірді/байытылған көмір қалдықтарын жағуға арналған қазандық агрегаттарының от жағатын құрылғыларының инновациялық технологияларын қолданудың перспективалық бағыттарын айқындау бойынша зерттеулер жүргізу қажет болады.
Көмір бизнесінен түсетін табысты арттыру мақсатында, келешекте Екібастұз көмірінің жылу шығару қабілеттілігін 5500 ккал/кг дейін байытатын фабрика салу және халықаралық алып-сату нарығына шығу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.