Бердібек Сапарбаев: Пияз Жамбыл облысының брендіне айналуы тиіс

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданына жұмыс сапара барысында пияз және қызылша алқаптарын аралап, оның жинау жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com

Бүгінде Байзақ ауданының алқаптарында пиязды жиі кездестіруге болады. Дегенмен, бұл көкөністі сақтау әлі күнге өзекті күйінде қалып отыр, өйткені ол ерекше күтім мен арнайы сақтау шарттарын талап етеді.

Байзақ ауданының әкімі Нұржан Нұржігітовтың айтуынша, ауданда әрқайсысының сыйымдылығы 20 мың тонна болатын екі қойма бар. Қазір олар 15 мың тоннаға толтырылған. Биыл Байзақ ауданының алқаптарынан 100 мың тонна пияз жинау жоспарланып отыр. Бұл көкөністі өсірумен шаруа қожалықтары ғана емес, қарапайым отбасылар да айналысады.

Қырықбаевтар отбасы биыл 18 гектар жерге пияз еккен. Оған тамшылатып суару жүйесі қолданылады. Егістік басынан пияздың келісін 35 теңгеден сатып алуға болады. Өнім жинау қарқынды жүріп жатыр. Жергілікті тұрғындардан құралған жұмысшылар жинаған әр қабы үшін 80 теңгеден алады. Бір күнде жұмысшылар 8 мың теңгеге дейін табыс табады.

Облыс әкімі Б. Сапарбаев фермерлер отбасының жұмысын жоғары бағалады.

«Осы жазда жақсы жұмыс істегендеріңіз көрініп тұр. Өнім жақсы. Қазір ең бастысы – бұл өнімді көктемге дейін сақтау. Сонда оның құны едәуір артып, біздің фермерлер лайықты ақша табатын болады. Бізге осы бағытта жұмыс істеп, көкөніс қоймаларын көбейту керек. Бұл көкөніс біздің еліміздің барлық аймақтарында өсе бермейді. Сондықтан пияз Жамбыл облысының брендіне айналуы қажет», – деп атап өтті аймақ басшысы.

Аудандағы «Яшар» шаруа қожалығы 25 гектар жерде қант қызылшасын өсіріп отыр. Биыл пестицид құны өскен, ал шикізатты қабылдау бағасы бұрынғы деңгейде қалған. Қазір «Мерке қант зауыты» ЖШС қызылшаның келісін 20 теңгеден қабылдауда, оның 12 теңгесін мемлекет субсидия ретінде төлейді.

«Нарықта монополист болса олар өзінің ережелерін айтып, жеңілдік жасамайды. Сондықтан шаруалар оларға тәуелді болады. Шаруа қожалықтары қауымдастыққа бірігіп, өздерінің шағын қант зауытын салуы керек. Сонда шаруалар өздеріне ыңғайлы жағдайда жұмыс істеп, егістік көлемін қорықпау ұлғайта алады», – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, «Яшар» шаруа қожалығының басшылығы «Меркі қант зауыты» ЖШС шикізатты тек кешкі алтыға дейін ғана қабылдайды деп шағымданды. Көптеген диқандар өз өнімдерін бұл уақытқа дейін жеткізуге үлгермейтіндігін айтып, змуыттың қабылдау уақытын ұзартуды сұрайды. Сондай-ақ, кәсіпорын шикізатты тек 1 желтоқсанға дейін қабылдайтындығын хабарлаған. Аймақ басшысы шаруаларға бұл жағдайды өзі бақылауға алатындығын баса айтты.

Бүкіл облысқа танымал «Ағали» шаруа қожалығы әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарын өсірумен ғана емес, ірі қара малын бордақылау және сүт өнімдері мен шұжық өндірумен айналысады. Ал жақында бұл шаруашылық құлпынай өсіре бастаған. Биыл бұл жидек бес гектарға отырғызылыпты.

Нәби Ағалиевтің айтуынша, шаруашылық тұрақты дамып келе жатқанын айтып, облыс орталығында сауда нүктелері қажеттігін жеткізді. Облыс әкімі Б.Сапарбаев шаруаның бұл мәселесін шешіп беруге облыс әкімдігі көмектесетінін айтып сендірді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы