Қазақстанда карантин кезінде жеміс және көкөністерді тұтыну едәуір өсті

Фермерлік шаруашылық санаттарының нарығы бойынша ұсыныстарды зерттеу COVID-19 таралуына байланысты карантин кезеңінде жемістер мен көкөністерді сатып алу бойынша ұсыныстар қарқынын көрсетті. Olx.kz сервисінің статистикасы бойынша 2020 жылғы сәуір-шілде айларының аралығындағы кезеңде «Көкөністер және жемістер» санатына берілген хабарламалардың жалпы саны өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінің көрсеткіштерінен 50% асып кетті. Бұл туралы «АгроИнфо» АА «Khalykbergen Strategic Communications» баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.

Фото: picjumbo.com

Сервистің деректеріне қарағанда, жабық базарлар, сондай-ақ ірі супермаркеттер қазақстандықтарды интернетте көкөністер мен жемістерді сатып алуға итермеледі. Өсудің жанама факторы пандемияның екінші толқынына дайындық және алдағы күз-қыс кезеңіне дәрумендерді мұздатуды таңдауы болуы мүмкін. Мәселен, еліміз бойынша сатудың абсолютті көшбасшы шие болды, оны сатып алу 2019 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 2 есеге ұлғайды, екі есеге таңқурайды, қарабүлдірген мен таңкурайдың буданын және тұшаланы, бір жармы есеге – қарақатты тұтыну өсті. Алманы тұтыну үш есеге өсті деуге болады.

Көкөністер санатында қызанақ ұсыныстар саны бойынша көшбасшы болды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 2 еседен астам. Екінші орынды картоп алады, бірақ оны тұтыну 2019 жылдың деректермен салыстырғанда 40% төмендеді. Пияз, сарымсақ, баялды, сәбіз және асжапырақ санаттары екі есеге, қырыққабат үш есеге өсті.

OLX клиенттік сервисі бөлімінің басшысы Жыргалбек Зикиров:

«Біздің деректеріміз дүниежүзілік коронавирус пандемиясы кезеңінде ағзаны азық-түлік арқылы дәрумендеу арқылы қазақстандықтардың өз денсаулығына деген қамқорлығының өсіп келе жатқанын, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін болашақта жинақтауға деген ұмтылысын жанама түрде көрсетеді. Жидектерге келетін болсақ, ұсыныстардың және тиісінше сұраныстардың өсуі азаматтардың жидектерді мұздатуға немесе оларды консервілеуге арттырылған дайындығы туралы куәландырады, көкөністерді молынан алуда екенін болжай аламыз. Жеке ретінде базарлардың, СОО жабылуына немесе шектелуіне байланысты өз өнімін онлайн арқылы сататын фермерлік шаруашылықтардың санатының өсуін атап өткім келеді. Осы санаттағы кәсіпкерлер де онлайн кеңістіктегі сауданың барлық мүмкіндіктерін сынап және бағалап үлгергеніне сенімдіміз. Бұл Қазақстандағы бизнестердің онлайн режиміне көше бастағанын тағы бір дәлелдейді, тіпті бұл процесс бұрын онша белсенді болмаған салаларда да. Біздің сервис, бизнеске арналған kz.olx-business.com арнайы платформасында онлайн сатқысы келетін сатушыларға қолдау көрсетеді».

Сурет: «Khalykbergen Strategic Communications» баспасөз қызметі

Тұрғындардың тұрғылықты өңірлеріне сәйкес қалауы туралы қызықты қорытындыларды жасауға болады. Мәселен, шиені көп тұтынатын қостанайлықтар, қарақатты – астаналықтар, таңқурайды – алматылықтар, қауынды – шымкенттіктер, ал алманы – Орал тұрғындары тұтынады. Картопты тұтыну бойынша абсолютті көшбасшы – Павлодар, қызанақты – Ақтөбе, пиязды – Алматы болып табылады. Баялды мен кәдіні астаналықтар үшін, қияр мен сарымсақты – ақтөбеліктер үшін, болгар бұрышы мен шиені – алматылықтар, ал бау-бақша – Семей қаласының тұрғындары үшін қолжетімді.

Жеміспен Қазақстанның астанасы, ал көкөніспен – Павлодар және Өскемен өңірлері біршама қамтамасыз етілген.

Жемістер мен көкөністердің құнына қатысты, мысалы облыстық орталықтардың арасында картоп Қызылорда облысының тұрғындарына арзан келсе, ал қымбат болып – Оралдың тұрғындарына келетінін, сондай-ақ қарбызмен жағдай осындай екенін атап өту қажет. Таңқурай Атырауда қымбат, ал ең төмен құнымен Шымкент қаласында сатуда, алайда атыраулықтар үшін қызанақтар пен қиыр біршама қолжетімді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы