«Ауыл» партиясының мүшелері Түркістан облысындағы малшылардың мәселесін көтерді

«Ауыл» партиясының мүшелері Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында жиын өткізіп, онда мал бағатын шаруалардың мәселесін көтерді.

Фото: inform.kz

Малдың жем азығы қымбаттауы мен төрт түліктен алынатын кейбір өнім түрлері мүлдем кәдеге аспауы әңгіме арқауына айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Партия өкілдерімен кездескен ауыл тұрғындары жыл өткен сайын жайылым жердің тарылып бара жатқанын жеткізді. Соның салдарынан түрлі қиындықтарға тап болған шаруалар асыл тұқымды қой өсіріп отырған азаматтарға үкімет тарапынан қаржылай қолдау жетіспейтінін алға тартады. Сондықтан еліміздегі бірқатар шаруашылық жайылым жердің аздығынан малды қорада ұстап, қолдан азықтандыруға мәжбүр. Ал, оған беретін жем мен шөпті қымбатқа сатып алғанмен, иелері оны растайтын құжат бере алмайды. Осының себебінен мемлекетке шаруашылықтың шығынын растау мүмкін болмайды. Осының барлығы түптеп келгенде ет пен сүт бағасының шектен тыс өсуіне негіз болып отыр.

«Қойдың жүні қазір сұранысқа ие болмай қалды. Соған қарамастан бір қойды 300 теңгеге қырықтыруға тура келеді. Ал, ол жүн мен терісі далада қалады. Себебі, теріні де өңдейтін фабрикалар жоқ. Егер олар салынса шаруаға аз да болса көмек болар еді. Сондай-ақ, жайылымның бәрін әркім егістік етіп алған. Шаруашылыққа сауармалы жер берсе, жем-шөбіміз жетер еді. Жайылымның өзі жетіспей жатыр», – дейді шаруалардың бірі Бауыржан Оразалиев.

Өз кезегінде шаруалардың өтініш-тілегін тыңдаған партия өкілдері мұны тиісті органдарға жеткізіп, оңтайлы шешудің жолдарын қарастыруға уәде етті.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы