Атырауда карантин салдарынан қой еті экспортқа шықпай қалды
Атырау облысында экспортқа ет өткізіп келген шаруашылық пандемия салдарынан сыртқы нарыққа шыға алмай қалды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
Қызылқоға және Құрманғазы аудандарындағы шаруалар 20 мың бастан астам қойды. Шешенстан мен Дағыстанға экспорттайтын. Еларалық келісімге сай сыртқы саудаға ешқандай кедергі жоқ. Алайда биыл жұқпалы індетке байланысты көрші ел арасындағы шекара жабылып, бордақыланған 6 мың бас мал тапсырыс берушіге жетпей қалды. Асыл тұқымды еділбай қойы сыртқы нарықта үлкен сұранысқа ие. Қыруар табыстан қағылған кешенді шаруашылық келер жылдан үлкен үміт күтеді.
Владимир Розметов, ауыл шаруашылығы кешенінің бас директоры:
– Бұл – экспорттың малы. Оны жылда Ресейдің мекемелеріне сататынбыз. Биыл сата алмай қалдық. Шекара жабық, коронавирусқа байланысты алушылар келмей қалды. Жалпы жылда осы жерден 3 мыңдай қозы сатамыз. Шамамен 100 млн теңгеге жақын. Қозыларымыз келесі жылы қошқар болады, сонда сатамыз.