Атырау облысындағы үйірлі шегірткелерге қатысты ақпарат
Атырау облысы бойынша үйірлі шегірткелерге қарсы 2017 жылы 19530 гектар аймақта химиялық өңдеу шаралары жүргізілді, оның 14170 га итальяндық прусқа, 5 360 га азиаттық шегірткеге қарсы өңделді.
Облыста және барлық аудан және қалада жедел әрекет ету штабтары құрылып, химиялық өңдеу шараларының жүру барысын қадағалап отырды.
Қызылқоға ауданында биылғы жылы 11000 гектар жерге химиялық өңдеулер жүргізіліп, тиімділігі 87-90 пайызды құрады. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының мамандарымен бірлескен зерттеулер өткізіліп, шекаралар маңында шегірткеден қауіптың анағұрлым жоқ екені анықталды.
Қазіргі таңда улануға жатпайтын, яғни методикалық нұсқаулыққа сәйкес экономикалық зияндылық шегінен аспайтын (1 шаршы метрге 5 дернәсілге дейін) шегіртке зиянкестерінің ұшуы саябырсып, шағылысуға түсе бастаған. Содан кейін олардың табиғи өлуі басталады. Ұшу және шағылысу кезінде дақылдарға зияны тимейді.
Биылғы жылы саяқ шегірткелердің (нестадка) Махамбет, Индер және Қызылқоға аудандарында саны көбейгені байқалды. Облыстық бюджетте қаржы қаралмағандықтан, саяқ шегірткелермен күрес шаруалар есебінен жүргізілді.
Келесі жылға саяқ шегірткелерге қарсы күрес жүргізілу қажеттілігі туралы Атырау облыстық инспекциясы тарапынан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына 2017 жылы 31 мамыр күні хат жіберілді.
Қазіргі таңда жалпы Атырау облысы бойынша үйірлі шегірткелерге қарсы күрес жұмыстары толық аяқталып, шегірткелердің шағылысуы, тұқым салуы бойынша мониторингтік жұмыстар жүргізілуде.
Дерек көзі: ҚР АШМ Баспасөз қызметі