Астықты өңірлер орақ науқанына қамдануда

Өткен жыл жерден ризығын табатын диқандардың қытығына тисе, биылғы науқанда жаңбыр әлекке салмайды. Сәуегей мамандар ауа райының қолайлы болатынын болжап отыр. Тек қапы қалмай, күзгі жиын-терімге дер кезінде кіріскен ләзім.

Болжам оң

Жаз бойы сайран салған шегірткенің күні келмес үшін құрал-жабдықтарды сайлап, дайындықты қамшылаған жөн. Мұны Ақмола облысының шару­алары да мықтап қаперге алған. Өңірде жалпы егіс алқабының көлемі 4,7 млн. га құрайды. Оның дені дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға бұйырған. 240 мың га жуық алқапта майлы дақыл­дар жайқалған. Ал мал азығы 537,3 мың га сіңірілген.

Бүгінде астықты өлкеде дән­ді дақылдың шығымдылығы оң бағалануда. Оның берекелігіне де үміт артылған. Алқаптардан гектарынан 15-тен 16 центнер­ге дейін өнім бұйырады деп күтілуде. Ғалымдар қамбамыз астыққа толатынына сендіруде.

– Өңірде барлық дақылдар­дың шығымдылығы, жақсы піскені байқалады. Өткен жыл­мен салыстырғанда биылғы табиғи жағдай жақсы өнім­ге үміттенуге мүмкіндік бере­ді. Егер тамыз және қыркүйекайларындағы жауын-шашын тиісті мөлшерге сәйкес кел­се, Шортанды ауданындағы «Сағым-Бидай» серіктестігінің алқаптарынан гектарына 13- тен 15 центнерге дейін дән жи­налмақ», – дейді А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шару­ашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры Жексенбай Қаскарбаев.

Мемлекет тарапынан орақ жұмыстарына жеңілдетілген бағамен 77 мың тонна дизельді отын қарастырылған. Бірнеше күннен кейін алқаптарға ком­байнның тісі тимек. Ал әзірге науқанға дайындықтың қамы пысықталуда. Танап басына 8466 комбайн жұмылдырылмақ. Оның 1 мыңнан астамы шетел­дік саналады. Қолданыстағы дестелегіштердің саны 2600 жуық, жүк көліктері 4 мыңнан, трактор тіркемелері 7 мыңнан асып жығылады. Олардың ал­дағы науқанға әзірлігі 100 пайызға жуықтайды. Биылғы дәнді қабылдайтын кәсіпорын­дар да сақадай-сай көрінеді.

Таңдаулы түрде жинау қажет

Қ олданыстағы техниканы және орылатын алқаптарды ес­ептесек, бір комбайнның енші­сіне 490 га аумақ тиеді. Оның арқасында бір тәулік ішінде бастырылатын дәнді 200 мың гектарға жеткізілуі кәдік. Бұл өз кезегінде науқанның мәре сызығын дер кезінде кесуге жол ашылады.

Алайда кей аудандардағы шаруашылықтар көктемгі дала жұмыстарын тәмамдау мерзімін сақтай алмады. Бұл алқаптар­дағы дәннің кеш пісіп-жетілуі­не әкеліп соғады. Сондықтан дақылды таңдаулы түрде жина­уға баса назар аударылмақ.

Есіл ауданында дәнді дақыл 440 мың га алқапқа сіңірілген. Оның 40 пайызының шығым­дылығына жоғары баға бері­ліп отыр. Бірақ, бірқатар шару­ашылықтардың егістіктерінде­гі ахуал көңілге қаяу түсіреді. Бар гәп топырақты өңдеуге жүр­дім-бардым қараудың нәтижесіне тірелетін көрінеді. «Бұл агротех­никалық талаптардың сақталма­уына байланысты орын алған. Егіс науқаны да кеш аяқталып, арамшөптерге қарсы химиялық шаралар қолданылмаған», – деп мәселенің мән-жайын аудан тізгі­нін ұстаған Аманбек Қалжанов жіпке тізді.

Техника паркі жаңартылды

Солтүстік Қазақстан облысын­да биылғы егістік алқабы 4 миллион 366,4 мың гек­тарға ұлғайтылды (2014 жыл­мен салыстырғанда 19,6 мың га артық). Оның 3 миллионнан астамы дәнді және дәнді-бұр­шақты дақылдарға тиесілі. Әр та­раптандыруға сәйкес жем-шөп­тің көлемі 47,5 пайызға еселен­ген. Көрсеткіш 653,6 мың гек­тарға тең. Ал майлы дақылдар сіңірілген алқап 21% құлдилап, 469,7 мың га құрады. Дәннің пі­сіп-жетілу қарқыны оң. Қамбаға құйылатын өнім де мол бола­тынына үміт бар. Теріскейлік диқандар гектар берекелігі 15 центнерден айналатынына дәме­лі. Тек науқанға жұмыла кірісу қажет. Мемлекет тарапынан ар­зандатылған бағамен 73 мың тонна жанар-жағармай үлесті­ріліп, агроқұрылымдар қажетті дизель отынымен қамтамасыз етілген.

Егіс алқаптарына 9 мыңға жуық астық жинайтын ком­байн жұмылдырылмақ. Оның әрбір үшіншісінің өнімділі­гі жоғары көрінеді. Қолдағы паркті жаңарту бойынша да сең қозғалған. Жыл басынан бері облыс диқандары 577 техника сатып алды.

Қ ызылж ар ауд анынд а ғы «Якорь СК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі науқанға әзірлік жұмыстарын тәмамда­уға жақын.

– Біздің агроқұрылым бар­лық құрал-жабдықтарды сай­лады. Жанар -жағармайдан да тапшылық көрмейміз. Енді тамыздың 20-на қарай науқанға кірісуді жоспарлап отырмыз, – дейді шаруашылық жетекші­сі Владимир Очертенко.

Ал «Митронин» серіктесті­гі биыл 2200 гектар алқапқа дән сіңірген. Егіс жұмыстары барысында барлық агротехни­калық шаралар мықтап қапер­ге алынған. Оның нәтижесінде сары алтынның өнімділігі де жоғары болатыны күтілуде.

Венера Мұстафина

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы