АШМ мен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» меморандум бекітті
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен “Қазақстанның Азаматтық Альянсы” ынтымақтастық туралы меморандум бекітті.
![Иллюстративное фото: из открытых источников](http://agroinfo.kz/wp-content/uploads/2017/04/podpisanie-dokumenta-332-e1493369462735.jpg)
Елордада өтіп жатқан “Astana AgroForum 2018” шарасында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен “Қазақстанның Азаматтық Альянсы” ЗТБ арасында өзара түсіністік, əріптестік жəне ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді. Құжатқа АШМ вице-министрі Берік Бейсенғалиев пен “Қазақстанның Азаматтық Альянсы” ЗТБ вице-президенті Мұсағали Дуамбеков қол қойды.
Меморандум мақсаты – министрлік міндеттеріне азаматтық қоғамның қатысуы негізінде мемлекеттік саясатты тиімді түрде қалыптастыру. Сондай-ақ, ауылдық аймақтардағы əлеуметтік ортаны жаңғырту жəне ауылдағы адам еңбегінің жоғарғы мәртебесін қоғаммен мойындату.
Бұл қадам жыл сайынғы Елбасы Жолдауындағы “Ауыл – ел бесігі” арнайы жобасы аясындағы тапсырмаларды орындау үшін мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам күш-жігерін біріктіруге бағытталған.