Арқалық құс фабрикасы АШМ-ге қарасты үш құрылымды сотқа берді
Үш айдан бері жұмысы тоқтап тұрған Арқалық құс фабрикасына балапандардың алғашқы легі әкелінді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
Қазір бағуда 58 мың тауық балапаны бар. Жақында тағы осындай екі легі жеткізілмек. Олар өсіп, жетілгеннен кейін өндірістік аймаққа көшіріледі.
Естеріңізге салайық, күз айларында құс тұмауынан бұл кәсіпорынның 500 мыңнан астам тауығы қырылып қалған еді. Індеттен келген шығын үшін олар 455 миллион теңге өтемақы алды. Бұл тиесілі төлемнің 70 проценті. Қалған қаржыны фабрика құрылтайшылары сот арқылы өндіріп алмақ ниетте. Ал жұмыртқа өндірісін осы жыл аяғына дейін бұрынғы қалпына келтіреміз деп отыр.
Жәмила Исмаилова, Арқалық құс фабрикасының бас директоры:
– Қазір біздің қолымызда 58 мың балапан бар. Ал жалпы ақпанның 5-іне дейін бізде уже 220 мың бас балапан болады. Осы жылдың май айынан бастап жұмыртқа бере бастайды. Осы жылдың аяғына сол 500 мың басымызды қайтарып алам ыз. Осы категория бойынша: « Биткойн бағасы бір тәулікте он мың долларға құлдырады