Жылыой ауданында жылыжай ашылды

Атырау облысының Жылыой ауданында аумағы 2 гектар болатын жылыжай ашылды. Жылыжайдың өндірістік қуаты жылына 1100 тонна көкөніс өнімдерін жинауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа нысанда Құлсары қаласының тұрғындары үшін 30 жұмыс орны қарастырылған. Жылыжайдың жалпы аумағы 2 гектарды құрайды.

Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Мамандарды Голландияның тәжірибелі агрономдары мен технологтары дайындады. Заманауи құрылғылармен толық жабдықталған жылыжай тамшылатып суару әдісін қолданады. Жылыжайға арналған жабдықты сатып алу ТШО-ның мердігер ұйымдарының қолдауымен жүзеге асқан, оған 2 млн евродан астам қаржы бөлінді. Ал құрылыстың іске асуын кәсіпкер жеке қаражат есебінен қаржыландырды. Алғашқы өнім бірнеше айдан кейін жемісін бере бастайды.

«Жылыжайда өсірілген көкөністердің жақсы сапасы жаңа жабдықтарды, көшеттерге қосымша күтім жасауды, суды тазарту жүйесін, тамшылатып суаруды кепілдендіреді. Біздің басты мақсатымыз – жергілікті өнімдердің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету», – деді «Атырау – Сауда» ЖШС директоры Әлімжан Байжігітов.

Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Облыс басшысы Нұрлан Ноғаев Жылыой ауданына келген іссапарында жылыжай жұмысымен танысты. Әкім жауапты қызметкерлерге өңірдегі ауыл шаруашылығын дамыту бағытында нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, Атырау облысында жылыжай ашқысы келетін кәсіпкерлер жыл сайын өсіп жатыр. Жақын арада Махамбет ауданында 10 гектар өнеркәсіптік жылыжай салу жоспарланып отыр, ол үшін жер учаскесін бөлу инфрақұрылым жұмыстары жүргізілуде.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы